«Колеса» сайтынан тауар сатып алмақшы болған петропавлдық жүз мың теңгесінен айырылған

«Колеса» сайтынан тауар сатып алмақшы болған петропавлдық жүз мың теңгесінен айырылған

Интернет-алаяқтың құрбанына айналған облыс орталығының 45 жасар тұрғыны 30 қазан күні Петропавл қ. ПБ жүгінген. Ол «Колеса» сайты арқылы өз көлігіне қосалқы бөлшек сатып алмақшы болып 100 мың теңгесінен айырылған. Айла түрі қарапайым. Ер адам хабарландыру бойынша хабарласып, сауда жасаау шартымен келіскен. Жалған сатушы тауардың толық төлемін өтеуін сұрап, тауарды кейін жіберетінін айтқан. «Барлығы шынайы сияқты болды. Ол өзін Атыраудағы қосалқы бөлшектер сататын фирманың өкілімін деп таныстырды. Дәл бүгін Петропавл қаласына көлік шығатынын, үлгеру үшін ақшасын көрсетілген телефон нөміріне шұғыл түрде аудару қажеттігін айтқан. Менде ешқандай күмән туған жоқ, ол сенімді сөйледі, тіпті барлық қосымша шығындарды фирма өзіне алатынын да айтты», - дейді петропавлдық, мұндай сауда жасау кезінде асықпауға кеңес беріп.

«Алаяқтардың қулықтарына түрлі жастағы адамдардың алдануы мүмкін. Тек тексерілген интернет-дүкендер арқылы ғана сауда жасауға кеңес береміз. Телефон нөміріне ақша салуды сұраса, алаяқпен сауда жасап жатқаныңызға сенімді болыңыз», - дейді СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының аға жедел уәкілі Виталий Подчернин.