
Солтүстік Қазақстан облысында өткен демалыс күндері карантинді бұзудың 34 фактісі анықталды. Жүргізіліп жатқан ескертулер мен түсіндіру шараларына қарамастан, мониторингілеу тобының рейді көрсеткендей, кейбір петропавлдықтар жиындардан әлі де болса бас тарпаған. «Березовая роща» демалыс орнындағы барлық үйлерде демалушылар болған. Екеуі, карантин режимін бұзып, туыстары мен жолдастарына туған күндерін тойлаған. Бұл бұзушылықтарды құрамында Жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері, прокуратура өкілдері мен санитарлық дәрігерлер болған мониторингілеу тобы анықтады. Аталған фактілер бойынша кешен иелеріне де, той иелеріне де әкімшілік материалдар жиналды. Сондай-ақ, демалыс күндері карантиндік шараларды бұзып, жұмыс істеген «Огни Каспия» дәмханасының иесі де әкімшілік жазаға тартылады.
«Демалыс күндері шектеу шараларының күшейтілгенін естеріңізге саламыз. Облыстық бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес көңіл көтеру мекемелерінің жұмысына тыйым салынды. Қоғамдық тамақтандыру объектілеріне сенбі-жексенбі күндері өнімдерін жеткізу арқылы ғана өз жұмыстарын жүзеге асыруға рұқсат берілді», - дейді Петропавл қ. ПБ бастығы полиция полковнигі Жандос Мұқатов. Петропавлда демалыс күндері барлығы 7 бұзушылық анықталды.
СҚО ПД баспасөз қызметі