
Солтүстікқазақстандық полицей Руслан Бекболатов - ҚР ІІМ кеңейтілген алқасында мерзімінен бұрын атағын алған жалғыз учаскелік полиция инспекторы. Алқа отырысына үздік учаскелік инспекторлар шақырылды. Бұл қызметтің өзекті мәселелері ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен отырыста қозғалды. Көзге түскен қызметкерлер Ішкі істер министрінің құқығымен марапатталды. Руслан Бекболатов майор погонын полиция генерал-лейтенанты Ерлан Тұрғымбаевтың қолынан алды.
"Мерзімінен бұрын атақты алған сәтте ерекше толқыдым- дейді ол. Өткен алқа отырысы қызметіміз үшін жаңа мүмкіндіктерді ашты, бұл марапаттан кем емес қуантады. Қазақстанның барлық учаскелік полиция инспекторлары менімен келіседі деген сенімдемін: ең басты міндет қылмыстардың алдын алуға бар күшімізді жұмсауға мүмкіндік беріліп, жұмысымызға жатпайтын функцияларды алып тастайды деген үміттеміз".
Руслан Бекболатов Тайынша ауданы Абай ауылдық округіне қызмет көрсетеді. Халқы 1400-ге жуық адам. Жыл басынан мұнда төрт ұрлық жасалған, Русланның қатысуымен барлығы ізін суытпай ашылды. Оның ұстанымы- учаскелік полиция инспекторлары өзінің учаскесін 100% білуі тиіс.
Дей тұрғанымен, күтпеген жағдайлар орын алып жатады. Ішімдік ішкенде, ауыл тұрғыны әдетте шу шығармайтын. Бірде: "Руслан Бауыржанұлы, келіңіз ол әкесін ұрып жатыр!" деген шақырту келіп түсті. Абырой болғанда, полицей жақын маңда болған, уақтылы келген екен, ащы суға әуес ер адам ұрыстан кейін қолына пышақ алыпты. Пышақты қолынан тартып алуға тура келген. Руслан қорғау ұйғарымын шығарып, мәселені шұғыл шешу қажеттігі туралы шешім қабылдайды. Ауыл шаруашылық кәсіпорнынан механизатор болып жұмыс істей алатын адамды іздейді, Бекболатов жұмысқа аталған ауылдықты ұсынады. Ол жұмыс ең жақсы алдын алу құралы деп есептейді. Бұл ойы ақталды, жұмысқа орналасқан ауыл тұрғыны қазіргі уақытта ішімдік ішпейді.
"Полиция адамдарға көмектесіп, қолдау көрсете отыра жұмыс істеуі тиіс- дейді полиция майоры.- Алқа кездесуінде қазіргі реформалардың басты мақсаты айтылды- жазалау органы образында болмай, қылмыстардың алдын алу, олардың жасалуына ықпал ететін жағдайларды жою бойынша жұмыс жүргізу қажет. Бұл учаскелік полиция инспекторларының атқарып жүрген жұмысы. Мен және әріптестерім үшін осындай шешімдер Учаскелік полиция инспекторы жылының ең жақсы қорытындысы болып табылады".