«Құқықтық тәртіп» ЖПІШ аясында полицейлер жұмыстарын жүргізуде

«Құқықтық тәртіп» ЖПІШ аясында полицейлер жұмыстарын жүргізуде

Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жұмыс істеуде. Бұл күндері қылмысты азайтуға септігін тигізетін қоғамдық тәртіпті нығайту жөніндегі жұмыс күшейтілді. Жол қауіпсіздігі ерекше бақылауда. Бес күн ішінде Солтүстік Қазақстан облысының жолдарында мыңнан астам құқық бұзушылық тіркелді. Полиция қызметкерлерінің жұмысындағы тағы бір маңызды мәселе - жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын-алу. Осы мақсатта ювеналдық полиция қызметкерлері демалыс қарсаңында білім беру ұйымдарында профилактикалық сабақтар ұйымдастырды. Биыл кәмелетке толмағандар 26 қылмыс жасады. Көбіне мұндай қылмыстық оқиғалар түнде орын алады, сондықтан полицейлер жасөспірімдерді кешкі уақытта ата-анасыз жүру фактілеріне жол бермеу жөніндегі принципті ұстанып отыр. Осындай бұзушылықтар үшін бес күн ішінде 86 солтүстікқазақстандық жауапқа тартылды. Полицейлер мектеп оқушыларына сабақ кезінде осындай түнгі серуендеудің әкімшілік салдары жайлы айтты.

Тек бес күннің ішінде облыста өткен «Құқықтық тәртіп» ЖПІШ кезінде 2314 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. 36 мас адам уақытша бейімделу және интоксикация орталығына жеткізілді. «Адамдардың мас күйінде болуы көбінесе қылмыс жасауды тудыратын факторға айналады, сондықтан алкогольге байланысты құқық бұзушылықтардың алдын-алу қоғамдық тәртіпті сақтаудағы бірінші кезектегі бағыт болып табылады», - дейді СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары полиция майоры Александр Розбах. Бес күн ішінде СҚО-да 413 алкогольдік ішімдік ішу немесе мас күйінде қоғамдық орындарға шығу фактілері, 11 - алкоголь өнімін сату ережелерін бұзу, мас күйде көлік жүргізудің 39 фактісі анықталды. Алкоголь ішкен жағдайда жиі жол берілетін, тыныштықты бұзудың 47 фактісі орын алды.

СҚО ПД баспасөз қызметі