СҚО ауылдық округтің учаскелік полицейі Мемлекет басшысының кездесуіне қатысты

СҚО ауылдық округтің учаскелік полицейі Мемлекет басшысының кездесуіне қатысты

Солтүстік Қазақстан облысынан үш үздік учаскелік полиция инспекторы астанада Мемлекет басшысы өткізген ҚР Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа отырысына барып қайтты. Олардың бірі – учаскелік полиция инспекторы полиция майоры Қадырбек Исин. Ол Мамлют ауданындағы Пригородный селолық округіне қызмет көрсетеді.

«Өмір бойына жетерлік әсер алдым, - деп өз ойымен бөлісті. — Учаскелік инспекторлардың қатысуы кезінде қызметті жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізілді. Олардың дені қызметті өздеріне тән емес міндеттерден босатып, бірінші кезекте - қызмет көрсететін аумақта қылмыстың алдын алудағы міндеттерді орындау үшін уақыт бөлуге бағытталды. Өз тәжірибем бойынша учаскелік инспектор үшін, әсіресе ауылды жерлерде уақыттың тапшы екендігін айта аламын. Қызмет көрсететін ауылдардың арасы 35-40 шақырым, әр шақырту, тексеру уақыттың көп бөлігін алады. Сондықтан, көбіне біздің функциямызға жатпайтын әскерге шақырушыларды әскери комиссариатқа жеткізу мен басқа да міндеттерді орындаудан біздің қызметті босату ұсынылды. Әсіресе мен және әріптестерім үшін селолық УПИ көмекшісі лауазымын енгізу – қазіргі жағдайда қосымша кадрлардың көмегі аса маңызды болып табылады».

Учаскелік инспекторлардың күтетін жаңалықтарының арасында тұрмыстық зорлық-зомбылықты болғызбаудың жолы болып табылатын ресімдерді оңтайландыратын заңнамадағы өзгерістер. Биылғы Қабырбек Исинге отбасылық жанжалқойларға қатысты 7 рет сотқа материал жинауына тура келген. Мұндай жұмыс бірнеше күнге созылады, кейде зая кететін жағдайлар да болады: әйелдері жұбайларының уәделеріне сеніп, жазған арыздарын кері қайтарып алады. Отбасындағы зорлық-зомбылық фактілері бойынша татуластыру рәсімі мен ескерту түріндегі әкімшілік жаза шарасын алып тастау ұсынылды – тәжірибе соңғысының тиімділігі аз екендігін көрсетті...

Селолық учаскелік инспекторды ерекше адам деп санайды майор Исин. Оған кез келген, кейде оның құзыретіне жатпайтын мәселелер бойынша көмекке жүгінеді. Мұраға қалған тұрғын үйдің құжаттарын ресімдеу, ішімдікке әуес күйеуімен ажырасу рәсімі, өзге де бірнеше мәселелер бойынша ақыл-кеңес беруіне тура келген. Оның учаскесінде 1043 адам бар, барлығында да құқықтық мәселелер туындауы мүмкін, әр жағдайға түсіністікпен қарап, ауылдықтарға көмектесуге тырысу қажет. «Отбасың да көпшіліктің назарында: учаскелік инспектордың жары мен балалары заң бұзушылыққа жол бермей, оның абыройына нұқсан келтірмеуі тиіс, - деп жалғады сөзін. ҚР ІІМ полиция генерал-лейтенанты Ерлан Тұрғымбаев полиция қызметінің беделін арттыру қажеттігі туралы тағы да тоқтала кетті. Учаскелік инспектор көбіне халықпен тығыз байланыста болады, сондықтан біздің жұмысымыз арқылы жалпы полиция мен мемлекет туралы ой қалыптасады. Мұндай сенімге қиянат жасауға болмайды…»