ҚР ІІМ алқа отырысында Петропавлдың үздік учаскелік инспекторы марапатталды

ҚР ІІМ алқа отырысында Петропавлдың үздік учаскелік инспекторы марапатталды

Учаскелік полиция инспекторы Жаслан Кәкішев нашақор баласы бар Петропавл тұрғынының ауыр тағдыры туралы қинала айтып берді. Ол отбасындағы жағдайды жақсы біледі, себебі бірнеше рет сол үйде орын алған жағдайды қалпына келтіруге көмектесуге барған. Адамдарға қызмет бабында ғана қарамай, оларға қамқорлық танытқаны үшін полиция капитанын тұрғындар құрметтейді. Ал, халықтың сеніміне ие болу – учаскелік полиция инспекторының жұмысы берілген баға. Тұрғындардың берген оң бағасы, жүктелген міндеттерді орындауға жауапкершілікпен қарау, спорттық жетістіктер Жаслан Кәкішевті Солтүстік Қазақстан облысындағы ең үздік учаскелік инспекторлардың бірі ретінде анықтауға әсер етті. Осының бәрі, полицейлердің міндеттерін айқындаған мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі алқасына қатысуға мүмкіндік берді.

«Бұл есте қаларлық тарихи кездесуге қатысу мен үшін ерекше құрмет және жауапкершілік. Кәсіби деңгейде биік белестерді бағындырған адамдармен бір залда отырам деген ой үш ұйықтасам да түсіме кірген емес. Жұмыс барысында мақтағанды ұнатпаймын, мен үшін ең бастысы – адамдарға көмек қолын созу, олар келіп ризашылықтарын білдіргенде, көмегімді тигізгеніме қуанамын. Президентпен кездесу маған күш-жігер берді, жұмысымды мүлтіксіз орындауға тиіспін», - деді полиция капитаны. ҚР ІІМ алқасында жұмыс қорытындыланып, учаскелік полиция инспекторларының жұмысын жақсарту жөнінде алға жоспарлар белгіленді. Солтүстікқазақстандық полицейлер де өздерінің қызмет барысындағы тәжірибелеріне сүйене отыра, ұсыныстар енгізді.

Жаслан Кәкішев №8 учаскелік полиция пунктінде 7 жыл қызмет етіп келеді. Қазір ол 2400-ден аса халық тұратын Северный ықшам ауданындағы қызмет көрсетеді. Қылмыстың алдын алуға жұмыс жүргізу барысында маскүнемдікке қарсы күрес мәселесін басты бағыттардың бірі ретінде белгіледі. Отбасы мүшесінің бірі спирттік ішімдікке салынған болса, онда қайғылы жағдайдың аулы алыс емес. Маскүнемнің ақылға келуіне көп жағдайда учаскелік инспектор септігін тигізеді. Профилактикалық әңгімелер жүргізу немесе әкімшілік ықпал ету шараларынан еш пайда болмаса, мәжбүрлеп емделуге жіберіледі. Учаскелік инспектор барлық қажетті құжаттарды жинай жүре, ауданында тұратын адамдардың басқа да мәселелерін шешуіне тура келеді. Осындай оқиғалардың бірімен Жаслан Кәкішев бөлісті. Нашақор жігіт анасына, қартайған ата мен әжесіне маза бермеген. Олар жігітті тура жолға салмақшы болады, бірақ одан еш нәтиже шықпайды. Учаскелік инспектор өзі барлық қажетті құжаттаржы жинап, оны жартыжылға мәжбүрлеп емделуге жібереді. Риза болған зейнеткерлер қазір немересінің емделіп шығуын күтуде.

«Учаскелік полиция инспекторларының негізгі міндеті – қылмыстың алдын алу, бұл көптеген міндеттерді шешуді көздейді. Бір адамның мәселесі шешіп жатсаң, екіншінікі туындайды. «Болды, мен бүгін алаңсыз ұйықтаймын» деген бірде-бір күн учаскелік инспекторда болмайды. Үнемі бір алаңдаушылық, себебі менің учаскемде тұратын адамдардың басындағы қиыншылық – ол менің де проблемам», - дейді Жаслан Кәкішев. Алқа отырысында ол ҚР Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Ерлан Тұрғымбаевтың алғыс хатымен марапатталды. Бұл марапатты ол азаматтардың сеніміне ие бола отыра, әрі қарай жұмыс істеуге ынталандыратын баға деп біледі.