
Апаттылықты азайту, жүргізушілердің тәртібін арттыру, құқық бұзушылықтарды анықтаудағы жеделдік – патрульдік полицейлердің жұмысындағы негізгі басымдылықтар болып табылады. Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз саласында солтүстікқазақстандық полицейлер бұзушылықтарды тіркейтін стационарлық жүйенің әлеуетін белсенді пайдаланады. 2020 жылдың маусым айында СҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасы Петропавл қ. әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімімен бірлесе бұрын көрсетілген жүйелер (көшені жарықтандырудың жаңа жүйесін орнатуға байланысты көрсетілген еді) бұзушылықтарды тіркейтін автоматты жүйені қолданысқа енгізді. Бүгінгі таңда облыс орталығында бағдаршамның тыйым салатын қызыл түсіне өтуді, тоқта сызығынан шығып кетуді тіркейтін 3 «Интегра» жүйесі (27 бейнекамера) жұмыс істейді. Осы үлгідегі жүйелер Астана - Интернациональная, Н.Назарбаев – Абай, Жамбыл – Партизан көшелерінің қиылысында орнатылған. Сонымен қатар, қалалық автомобиль трафигі «Мираж» (16 бейнекамера) 4 жүйесіне талдау жасайды. Қызыл түске өтіп кетуден басқа «Мираж» жүйесі жылдамдық режимін бұзуды да тіркейді. Аталған жүйелер Ғ.Мүсірепов – Жамбыл, К.Сүтішев – Жұмабаев, Жамбыл – Партизан, Н.Назарбаев – Интернациональная көшелерінің қиылысында орнатылған.
СҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасы бастығы полиция подполковнигі Жасұлан Оспановтың айтуынша, қала көшелеріндегі ЖЖЕ бұзушылықтарын тіркейтін жүйенің өзі жүргізушілердің айтарлықтай тәртіпке бойұсынғандарын байқатады. Нәтижесінде апаттылық саны азаяды: көше қиылыстары қауіпсіз болады, жүргізушілермен қатар, жаяу жүргіншілер де, сондай-ақ велосипед және самокатпен жүретіндер де ережені сақтайтын болады. Бұдан басқа, автоматтандыру процесінің жағымды жағы құқық бұзушымен байланыстың болмауынан полиция қызметкерлері тарапынан жол берілетін сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайту болып табылады. Бұл «оқиға орнында мәселені шешу» мен өзге жолмен жағдайды реттеу жайлы ұсыныстардың азаяды деген сөз.
Биылғы жылдың 9 айында бақылау өлшеу құрылғылары облыс орталығында 4 894 түрлі ЖЖЕ бұзушылықты тіркеген.