
СҚО полицейлері ірі көлемде марихуана тәркіледі. Операция «Қарасора» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында өтті. 25 қазанда Петропавлда Қизатов-Хименко көшелерінің қиылысында СҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 44 жастағы жүргізуші басқарған «Toyota Mark 2» автокөлігін тоқтатқан. Оның қасындағы жолаушысы 1970 ж.т. қала тұрғыны болған. Көліктің жүксалғышынан скотчпен оралған, өткір иісі бар өсімдік тектес зат салынған үш қап табылған. Сараптама қорытындысына сәйкес кептірілген марихуана екендігі анықталды. Алынған заттың жалпы салмағы – 59 кг. 770 грамм, бұл аса ірі көлемдегі түріне жатады. Есірткінің жолаушыға тиесілі екендігі белгілі болды. Оның айтуынша, ол есірткіні белгісіз адамнан сатып алған және оны тасымалдау үшін жүргізуші жалдаған, қапқа салынған зат жайлы айтпаған.
Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-б. «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекурсорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Күдікті уақытша қамауда ұстау изоляторына қамалды, полицейлер болған оқиғаның мән-жайын анықтауда.
«Бұл жыл басынан алынған есірткінің ең ірі көлемінің бірі, - дейді СҚО ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Руслан Назаров. — Барлығы жыл басынан заңсыз айналымнан 390 кг. астам түрлі есірткі заттары, оның ішінде 1 кг. 690 грамм синтетикалық дәрі-дәрмек алынды. Қылмыстық жауапкершілікке 85 адам тартылды. Облыста мамыр мен қазан айлары аралығында өтіп жатқан «Қарасора» ЖПІШ аясында есірткімен заңсыз жұмыс істеудің 120 фактісі анықталды».