СҚО полицейлері 45 жастағы әйелге құжат алуға көмектесті

СҚО  полицейлері 45 жастағы әйелге құжат алуға көмектесті

Аққайың ауданының полицейлері қиын жағдайға тап болған әйелге көмектесті. 45 жастағы әйелде тууы туралы куәлік қана болған. Учаскелік инспектор бұл фактіні анықтап, оған көші-қон қызметіне жүгіну тәртібін түсіндірген. Полицейлер жағдайға түсіністікпен қарап, әйелге құжат алуға жәрдемдескен. Жеке тұлғасын растау бойынша қажетті сұрау салулар жасалған. Екі айдан соң, ол аудандық полиция бөлімінің бастығы полиция майоры Руслан Сапаровтың қолынан көптен күткен құжатын алды. Қазіргі таңда ол аудандағы шаруашылықтардың біріне жұмысқа орналасып, тұрақты тұрғылықты жеріне де қол жеткізген.

«Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында ауданда ҚР құжатсыз тұратын адамдарды анықтау бойынша жұмыс күшейтілді, - деп түсіндіре кетті Руслан Сапаров. – Көші-қон қызметінің қызметкерлері учаскелік полиция инспекторларымен аула бойы тексеріс жүргізеді. Құжаты жоқ әрбір адамның басында түрлі өмірлік жағдай болады, біздің міндетіміз ауданның әр тұрғынына көмек көрсету».

Мұндай жұмысты полицейлер барлық аудандар мен облыс орталығында жүргізеді. Барлығы «Учаске» ЖПІШ басталғаннан бері СҚО-да реттелмеген құқықтық мәртебесі бар 162 адам анықталды. Әр жағдай бойынша құжаттандыруда көмек көрсету жөнінде жұмыс жүргізіледі.