
Қалалық Полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері полиция лейтенанты Аңсар Қыдырмин және полиция кіші лейтенанты Арғын Темешев жеке үйлер орналасқан аумақты патрульдеу барысында велосипедті жетектеп келе жатқан жігітті байқайды. Ол патрульдік полицияны көре сала, велосипедті тастап қаша жөнелген. Бірер минуттан кейін жігіт ұсталып, Екінші полиция бөліміне жеткізілді.
Ұсталған облыс орталығының 30 жасар тұрғыны болып шықты. Ол Grant маркалы тау велосипедін Батыр Баян көшесіндегі көп қабатты бір үйдің кіреберісінен айдап әкеткенін мойындады. Бұрын ол аталған үйге барған екен және велосипедтің бірінші қабатта бекітілмеген күйде тұратынын байқаған. Нәтижесінде ер адам велосипедті жеке пайдалану үшін қолды қылған. Алайда, әрекеті жүзеге аспады, ұрлық велосипед иесі полицияға жүгінбей тұрып ашылды.
Петропавл қ. ПБ Екінші полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Руслан Сыздықовтың айтуынша, аталған факті Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК 188-бабы «Ұрлық» бойынша енгізілді. Күдіктіге қатысты келуге міндеттеу бұлтартпау шарасы тағайындалды. Велосипед иесіне қайтарылды.
Полицейлер екі доңғалақты көлік иелерін айдап әкетуге қарсы сапалы құрылғыларды қолдану қажеттігі туралы ескертеді, сондай-ақ велосипедті көшеде, үй кіреберісінде қараусыз қалдырмаған жөн. Бұдан бөлек, велосипедтің көктемге дейін сақталатын орнын алдын ала қамтамасыз ету қажет.