СҚО полицейлері екі күннің ішінде 26 мас жүргізушіні анықтады

СҚО полицейлері екі күннің ішінде 26 мас жүргізушіні анықтады

26 қазаннан СҚО-да республикалық «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Жергілікті полиция қызметінің бөліністері қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жұмысты күшейтті. Учаскелік инспекторлар есепте тұрған тұлғаларды тұрғылықты мекенжайлары бойынша тексерсе, патрульдік полиция батальоны жол қозғалысы бұзушылықтарын анықтайды. Басты назарда - көлік құралын масаң күйде басқару фактілерінің жолын кесу. Аталған бұзушылыққа жол берген 32 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке, бір бұзушы қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

28 қазанға қараған түні бейжай қарамайтын қалалық К. Сүтішев көшесіндегі бір үйдің тұрғыны масаң күйде көлік тізгіндеп, аулада ары-бері жүргені туралы жүгінді. Шақырту бойынша келіп жеткен патрульдік полиция экипажы Volkswagen Passat автокөлігін тоқтатқан, рөлде 1985 жылы туған қала тұрғыны болған. Медициналық куәландыру оның алкогольдік масаң күйде болғанын көрсетті. Тексеріс кезінде ер адамның бұрын 3 жылға басқару құқығынан айырылғаны белгілі болды. Аталған факті Сотқа дейінгі тергеп-тексеру тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 346-бабы «Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру» бойынша енгізілді.

«Көлікті масаң күйде басқару барлық жол қозғалысы қатысушыларына, сондай-ақ бұзушылардың өздеріне де қауіп төндіреді, - деп атап өтті СҚО Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Қанат Айтбаев. – Айыртау ауданынан сол түні «Көкшетау-Рузаевка» автожолында Кутузовка а. маңында Honda автокөлігінің аударылғаны туралы хабарлама келіп түсті, жүргізушісі масаң күйде болған. Ол дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Заңнамамен көлікті масаң күйде жүргізгені үшін қатаң әкімшілік жауапкершілік көзделген. Көлік құралдарының жүргізушілері басқа жол қозғалысы қатысушылары алдында жауапкершілікті сезінуі тиіс»

Жедел-профилактикалық іс-шараның екі күнінде облыс полицейлері жылдамдық режимін асырудың 115 фактісін, оның ішінде қарсы бағытқа шығудың 3 жағдайын анықтады. Басқару құқығынан айырылған 14 жүргізуші рөлге отырған. Жалпы 1524 бұзушылық анықталды.