СҚО ПД-де жерлесіміз Герольд Бельгердің туған күнінде практикалық сабақ өтті

СҚО ПД-де жерлесіміз Герольд Бельгердің туған күнінде практикалық сабақ өтті

28 қазан күні Энгельс қаласында аудармашы, жазушы, публицист, әдебиет зерттеуші, ҚР Президентінің Мемлекеттік бейбітшілік және рухани келісім сыйлығының лауреаты Герольд Карлович Бельгер дүниеге келген. Тағдырдың жазуымен және сол кездегі саясаттың салдарынан ол отбасымен бірге жер аударылып, Солтүстік Қазақстан жеріне түседі. Қазақ аулының ауасын жұтып, тәрбиесінен сусындаған ол соңғы демі қалғанша терең шығармашылыққа жол сілтеген, арман-қиялға шабыттандырған Солтүстік Қазақстанды екінші отаным деп санаған. Халықтың «ұлт жанашыры» деген бағасы оның жүрегінің төрінен ерекше орын алған. Полиция департаменті аппараты қызметінің басшылары жазушының осы және басқа да көптеген қырлары жайлы «Қызылжар» қосымша білім беру және қызмет көрсету орталығы» ЖШС директоры Жанат Мұхамеджановтың тартымды әрі әсерлі өткізген сабағында білімдерін шыңдай түсті. Орталық басшысы танымал жерлесіміздің өмір белестері, шығармашылық жетістіктері туралы слайдтар көрсетті. Ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің қызметкерлері мемлекеттік және орыс тілдерінде Бельгердің туындылары қойылған кітап көрмесін ұйымдастырды.
Полицейлер Гера-ағаның өмірі, шығармашылығы мен философиясы жайлы диалог түріндегі тапсырмаларды аса қызығушылықпен орындады. Практикалық сабақтың соңында жазушы тұлғасының сан қырлылығы жайлы пікір білдіріп, алған әсерлерімен бөлісті. «Саяси қуғынға ұшырап, жер ауып келген жанның» білім жолындағы ауыртпашылығы жайлы әлеуметтік ролик жүректің түбіне бойлап, қатты толғандырды...» және осы қиындықтарға қарамастан біліп алып, бәрімізге таныс Бельгер атанды. Бүгін мен жазушыны жаңа қырынан таныдым, оның барлық кітаптарын қайта оқып шығамын»- деді бөлім бастығы полиция полковнигі Марина Алексакина фотокөрмемен танысу барысында. СҚО ПД Ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің басшысы Мәдина Балғашоқованың айтуынша, осындай практикалық сабақтар белгілі қоғам қайраткерлерінің өмірі жайлы тереңірек білуге және олардың шығармашылығының маңыздылығын ашуға мүмкіндік береді. Карантиндік іс-шараларға байланысты аудиторияны толық қамтуға мүмкіндік болмады, осы тұста онлайн-форматтар мен тікелей эфирлердің көмегі тиіп жатады.