
Ақмола облысының 23 жастағы тұрғыны үшін Петропавлдағы мас күйіндегі түнгі серуені сотқа дейінгі тергеумен аяқталды. Ол облыс орталығына қыркүйек айының басында келіп, құрылысқа жұмысқа орналасқан. Кеше түнде жалға алған пәтеріне келе жатып, Қазақстан Конституциясы көшесінің бойындағы екі шамды сындырған. Лампочкаларын бұрап алып, қалтасына салып алған. Үшінші шамның да қалпағын шешіп алып, үйіне кетіп бара жатқан жолда, қолындағы шамның қалпағымен оны патрульдік полиция батальонының инспекторлары полиция лейтенанттары Саян Тұрсымбаев пен Дулат Жакин ізін суытпай ұстады. Ол өзінің бұзақылық әрекетін мас күйде жасадым деп түсіндірді. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 1-бөлігі «Ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Күдіктіге қатысты міндетті келу туралы шара қабылданды.