
21 қаңтар күні таңғы уақытта «Мамлютка — Қостанай» автожолының 8-шақырымында Қостанай қаласынан Петропавл қаласына бағыт алған, жүк тиелмеген «ГАЗель» автокөлігі кюветке аударылды. Рөлде отырған Ақтөбе облысының 36 жастағы тұрғыны зардап шеккен жоқ.
Мамлют аудандық полиция бөлімінің әкімшілік полиция қызметкерлері жүргізушіні жылыту және ыстық тамақпен қамтамасыз етті, сондай-ақ №67 жол пайдалану учаскесінің басшылығына хабарласып, ауыр арнайы техниканың бөлінуіне ықпал етті.
Құқық қорғау органдары жүк көлігін жолға қайта шығару барысында жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етті.
Полиция қызметкерлері жүргізушілерді қыс мезгілінде ерекше сақ болуға шақырады. Көріну қашықтығының төмендеуі, мұзтайғақ, қарлы боран мен жолдағы қатқақ жағдайында жылдамдық режимін қатаң сақтап, Жол қозғалысы ережелерінің барлық талаптарын орындау аса маңызды.