
Имантау ауылының тұрғыны Айыртау ауданының полициясына қауіпті олжа туралы хабарлаған. 55 жастағы ер адам өзінің асыл тұқымды иттерін серуендетіп жүрген жерінен граната салынған пакетті тауып алғанын айтқан. Облыстық Полиция департаментінің жарғыштехник-мамандары, ауыл тұрғыны олар келгенше тауып алған затын шөптің арасына қойған жерінен алды. Сарапшылардың пікірінше, алынған оқ-дәрілер қауіп төндіретін жауынгерлік қол гранаты болып табылады. Полиция оны заларсыздандырып, қауіпті жарылғыш заттарды тасымалдауға арналған контейнерге орналастырды.
«Бұл факті ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді, оның аясында сараптама тағайындалады. Ауыл тұрғынының айтуынша, граната табылған жерге де тексеру жүргізілді. Басқа жарылғыш зат табылған жоқ», - деді Айыртау ауданы полиция бөлімінің бастығы полиция полковнигі Марат Серкешев.
Жақын арада сараптама қорытындысы шыққаннан кейін граната СҚО ПД мамандарымен полигонда жойылады. Полицейлер кез келген күдікті зат анықталса, дереу полицияға хабарлау керек дейді. Мұндай қауіпті заттарды өз бетімен тасымалдау қайғылы оқиғаларға әкелуі мүмкін. Сондай-ақ, олар қару-жарақ пен оқ-дәрілерді өз еркімен тапсыру қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылатындығын еске салады.