
29 қыркүйекте Петропавл қаласының тұрғыны полицияға «Борки» саяжай қоғамындағы үйде ұрлық жасалғаны туралы арызымен жүгінген. Белгісіз қылмыскер тұрмыстық техникалар: электр шәйнек пен электр пешті қолды қылған. Қылмысты «ізін суытпай» ашу мүмкін болмады. Дегенмен, тәртіп сақшылары қылмыскерді іздеу бойынша жұмысты тоқтатпады. Бір ай өткен соң, Борки кентіндегі саяжай қоғамының бірінің күзетшілері күдікті ер адамды байқап, автопатрульді шақырған. Белгісіз адам, тұрақты мекенжайы жоқ 55 жастағы қалалық Петропавл қ. ПБ қабылдап-тарату орнына жеткізілді. Оның жеке тұлғасын анықтау барысында бұрын жасалған ұрлыққа қатысы бары белгілі болды. Шәйнек алынды. ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-б. «Ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдіктінің өзге де қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.
«Күдіктіні ұстауға күзетшілердің қырағылығы мен жеке күзет ұйымдары арасында орнатылған өзара іс-қимыл жасаудың нәтижесі көмегін тигізді, - дейді Петропавл қ. ПБ Криминалдық полиция бөлімінің бастығы полиция майоры Дархан Зияфиддин. — Ешбір қылмыс ұмыт қалмайды, оларды ашу бойынша жұмыс ұдайы жүргізіледі».