СҚО-да көлік жүргізушісі жолдағы қоршауды зақымдады

СҚО-да көлік жүргізушісі жолдағы қоршауды зақымдады

Петропавлда Lexus автокөлігінің жүргізушісі жол-көлік оқиғасының нәтижесінде жолдағы қоршауды зақымдады. Жол-көлік оқиғасы шамамен сағат 18-00-де Қожаберген Жырау көшесінде облыс орталығына кіретін жолда орын алды. Шетелдік автокөліктің 28 жасар жүргізушісі қолайсыз ауа райын ескере отыра тиісті жылдамдықпен жүрмеген, рөлге ие бола алмай қоршауды соққан. Нәтижесінде автокөлікке механикалық зақым келтірілген, зардап шеккендер жоқ. Медициналық куәландыру жүргізушінің сау екенін көрсетті.

Жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 610-бабы «Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген бұзушылығы» бойынша әкімшілік материал жинастырылды.