СҚО ПД процессингтік орталығы ағымдағы жылдың 9 айында көлікті есепке қою бойынша 19328 қызмет көрсетті

СҚО ПД процессингтік орталығы ағымдағы жылдың 9 айында көлікті есепке қою бойынша 19328 қызмет көрсетті

Әкімшілік полиция басқармасына күн сайын азаматтардан бұрын тіркелген көлік құралына салықтық берешегін есепке жазу мәселелері бойынша өтініштер келіп түседі. Олардың біразы бұрын көліктерін сатып жіберген. Бұл құжаттарды сақтамай, жасалған сатып алу-сату мәмілесін уақытында Жол полициясы басқармасында тіркемеуінен, осындай жағдайға тап болған. Сәйкесінше, бұл мәліметтер ҚР ІІМ деректер базасына тіркелмегендіктен, көлік құралдары салықтық берешегі туындаған бұрынғы меншік иелерінің атында тіркеуде болады.

ҚР Азаматтық кодексінің 238-бабына сәйкес егер шарт бойынша мүлікті иеленушінің меншік құқығы мемлекеттік тіркелуге жататын болса, онда мүлікті иеленушінің меншік құқығы, егер заңнамалық актілерде өзгеше көзделмесе, осындай тіркеу жасалған кезден бастап туындайды.

Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаменті көлік құралын сатып алған жағдайда (сенімхат немесе сатып алу-сату шарты бойынша) тіркеу үшін Петропавл қ., Нефтепроводная к-сі, 7 мекенжайындағы Мамандандырылған ХҚКО-ға немесе мына телефондар бойынша: Әкімшілік полиция басқармасына 8(7152)61-25-52, Мамандандырылған ХҚКО 8(7152) 50-49-38 жүгіну қажеттігін тұрғындардың назарына жеткізеді.

СҚО ПД Процессингтік орталықтың бастығы полиция майоры Әсет Мәтеннің айтуынша, көлік құралдарын мемлекеттік тіркеудің міндеттілігі «Жол жүрісі туралы» ҚР Заңының 63-бабымен көзделген. Сонымен қатар, алдағы уақытта қандай да бір келеңсіздікке тап болмау үшін сатушы сатып алу-сату мәмілесін жасағаннан кейін заңмен белгіленген тәртіпте КҚ басқа адамға қайта тіркелуіне көз жеткізуі керек.

«…СҚО ПД Процессингтік орталығы ағымдағы жылдың 9 айында халыққа тіркеуге қою бойынша 19328 қызмет, есептен шығару бойынша 9675 қызмет көрсетті...» - деп статистикаға тоқтала кетті Әсет Мәтен.