
Жыл басынан Солтүстік Қазақстан облысында табиғатты қорғау заңнамасының 1182 бұзушылығы анықталды. Табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері заңсыз аң және балық аулау, ағаш кесу және табиғи ресурстарды пайдаланудың тағы да басқа бұзушылықтары үшін шығын сомасына және құқық бұзушылықтың басқа да мән-жайларына байланысты әкімшілік, қылмыстық жауапкершіліктің көзделгенін атап өтті.
...Төрт солтүстікқазақстандық қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болды, олардан заңсыз жолмен өңдірілген артемия салинаның 30-дан астам қабы тәркіленді. Бұзушылар Тайынша ауданы Зеленый Гай ауылының маңында ұсталған. Дәл осы ауданда жалға алынған көлден рұқсат құжатынсыз балық аулаған балықшылардан бір центнерден астам балық алынды. Пелядь тәркіленіп, көл иесіне қайтарылды. Ұқсас бұзушылық М. Жұмабаев ауданында да анықталды, тыйым салынған аумен ауланған 60 кг астам балық тәркіленді. Сондай-ақ балықшыда балық аулауға рұқсат беретін құжаты болмаған. Ал Шал ақын ауданының тұрғыны 78 түп қайыңды кесіп, отынға сатқан. Шығын сомасы – 288 мың теңгені құрады. Мұндай көлемдегі заңсыз ағаш кесуге қылмыстық жауапкершілік көзделген.
«СҚО-да табиғатты қорғау заңнамасы саласында ең көп аңшылық ережелері бұзылады. 2020 жылы осындай 416 факті анықталды. Балық аулау саласында 256 бұзушылық тіркелді, 10 факті заңсыз ағаш кесумен байланысты», - деп атап өтті Жергілікті полиция қызметі басқармасының аға инспекторы Асхат Қожабаев.