Мониторинг тобының құрамындағы солтүстікқазақстандық полицейлер 1822 санитарлық нормаларды бұзушылықты анықтады

Мониторинг тобының құрамындағы солтүстікқазақстандық полицейлер 1822 санитарлық нормаларды бұзушылықты анықтады

СҚО-да санитарлық нормаларды бұзушылықтарды анықтау мен алдын алу жөніндегі мониторинг тобының кенеттен тексеру рейдтері жалғасуда. Топ құрамында – полицейлер, Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті, прокуратура мен әкімдіктің қызметкерлері бар. Өткен демалыс күндері Петропавлдың өзінде бірден ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу» 425-бабы бойынша төрт бұзушылық анықталды. Айыртау көшесінің бойындағы дәмханаларды тексеру кезінде оның бірінен аспазшылардың жұмыс орнында бетперде тақпау фактісі анықталды. Тексерушілер Ульянов көшесінде орналасқан мейрамханалардың бірінде 30 аса адам қатысқан іс-шараны тіркеген. Нәтижесінде барлық фактілер бойынша ҚР ӘҚтК 425-бабымен материалдар жиналып, одан әрі шара қабылдау үшін Облыстық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне тапсырылды.

СҚО ПД бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Қанат Айтбаевтың айтуынша, гигиеналық нормативтерді бұзуды анықтаудан басқа, мониторинг тобы құрамындағы полицейлер түсіндіру жұмыстарын белсенді жүргізуде: бетпердені дұрыс тағып жүру, қолғаптар мен антисептиктерді қолдану қажеттігі туралы еске салуда. Қоғамның әр мүшесі барлық талаптар мен ұсыныстарды қатаң сақтаған жағдайда ғана қауіпті індеттің таралуына жол бермеу мүмкін болады.

Мониторинг тобы шілде айының ортасынан бастап ҚР ӘҚтК 425-бабы бойынша барлығы 1822 бұзушылықты анықтады.