СҚО-да полицейлер балаларға Жаңа жыл қарсаңында отбасылық және спорттық мереке сыйлады

СҚО-да полицейлер балаларға Жаңа жыл қарсаңында отбасылық және спорттық мереке сыйлады

Полиция қызметі отбасымен бірге уақыт өткізуге әрдайым мүмкіндік бере бермейді. Солтүстік Қазақстандағы көптеген тәртіп сақшылары үшін Оқушылар сарайында өткен интерактивті таңғы мерекелік шаралар ерекше сый болды. Мұнда Солтүстік Қазақстан полициясының ең ірі құрылымдық бөлімшесі – Петропавл қалалық полиция басқармасының және облыстық полиция департаменті аппаратының қызметкерлері өз ұл-қыздарымен бірге уақыт өткізіп, жаңа жылдық ертегінің атмосферасын сезіне алды. Ал мерекелік демалыс күндерін полицейлер, барлық жедел қызмет өкілдері сияқты, өңір тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін қарбалас жағдайда өткізеді.

Қуатты жүргізушілермен, Аяз ата, Ақшақар және аниматорлармен бірге балалар көңілді байқауларға қатысып, мерекені «құтқаруға» атсалысты. Погон таққан ата-аналарды балалар шығармашылық ұжымдарының өнері ерекше қуантты.

СҚО ПД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Абылғазы Ғабдуллин полицейлерді және олардың отбасыларын келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, денсаулық, молшылық және қылмыс пен құқық бұзушылыққа қарсы күресте тірек болатын берік отбасылық қолдау тіледі.

Тағы бір жаңа жылдық шырша Солтүстік Қазақстан облыстық «Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамының филиалында жағылды. Қоғам мамандары футбол секциясында жаттығатын 80-нен астам балаға арналған спорттық таңғы мереке ұйымдастырды.

Балаларды облыстық «Динамо» филиалы төрағасының бірінші орынбасары Талғат Тугунбаев пен «Қызылжар» футбол клубының шабуылшысы Тимур Мульдинов құттықтады. Мереке жаттығуларды үзбей, табандылық танытып жүрген ең еңбекқор тәрбиеленушілерді марапаттаудан басталды. Кейін жас спортшылар Аяз атамен бірге көңілді ойындар ойнап, тәтті сыйлықтарға ие болды. Ал мерекенің шарықтау шегі, әрине, сүйікті ойын болды.

Тәртіп сақшылары балаларды спорт пен шығармашылыққа баулу, берік отбасылық құндылықтар – Заң мен Тәртіп қағидаттарына негізделген әділетті қоғамдағы болашақ игіліктің сенімді кепілі екенін атап өтеді.