Петропавлда бірқатар велосипед ұрлығын күдікті ұсталды

Петропавлда бірқатар велосипед ұрлығын күдікті ұсталды

Қазан айында Петропавл полициясына қала тұрғындарынан велосипед ұрланғаны туралы бірнеше арыз түсті. Подъездер мен оның алдында қалдырылған «темір тұлпарлар» жоғалып кеткен. Аталған фактілер ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы «Ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Петропавл қаласы ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері 22 және 16 жастағы екі күдіктіні анықтады. Екеуіне қатысты міндетті келу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Әр түрлі маркалы 5 велосипед, оның біреуі бөлшектелген күйінде алынды. Күдіктілердің басқа қылмыстарға қатыстылығы бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

«Велосипедтер барлық жағдайда жұқа троспен бекітілген, қаскөйлер оларды оңай «кесіп» ұрлап келген, - дейді Петропавл қаласы Полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Жандос Мұхатов. - Велосипедтерді түнде үйге кіргізген жөн. Егер көшеде екі доңғалақты көлікті қалдыруға тура келсе, онда бейнебақылау камералары қойылған аймаққа қойған дұрыс болады. Үйдің кіреберісіне бейнекамералар орнату да қылмыстың алдын алудың жақсы құралы болып табылады».