Петропавлдың атты полицейлері жазғы саяжай маусымына қорытынды жасады

Петропавлдың атты полицейлері жазғы саяжай маусымына қорытынды жасады

Петропавлдағы атты полицейлер «саяжай маусымын» аяқтады. Күн жылына басталысымен кавалеристер авто және жаяу патрульдер өте алмайтын жерлерде қызмет етіп, қала маңындағы саяжай алқаптарын күзетті.

Сондай-ақ, атты полицейлер табиғат аясында демалатын қалалықтардың алкогольдік ішімдік ішу фактілерінің алдын алу үшін Есіл өзенінің сол жағалауындағы орман алқабы мен Пестрое көлінің айналасына тексерулер жүргізіп отырды. Әкімшіліктің сұрауы бойынша вандализм әрекеттерін азайту мақсатында кавалерия взводының бағытына Новопавловка кентіндегі мола қосылды.

«Жаз бойы атты полиция қызметкерлері мас күйде саяжайшыларға маза бермеген 36 адамды автопатрульге тапсырды, - дейді Петропавл қаласы Полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының командирі полиция подполковнигі Қанат Әлімжанов. - Айналма жолдарды тексеру кезінде саяжай учаскесіндегі төрт ұрлықтың жолын кесті. Атты полиция жұмысының басты нәтижесі - халықтың сенімі болып табылады. Кавалеристер саяжай қоғамдарының төрағаларымен және күзетшілерімен байланыстарын үзген емес, олар күдікті адамдар пайда болған кезде қызметкерлерді шұғыл түрде хабардар етіп отырды. Көп жағдайда заңсыз әрекет фактілері дәл осы сызба бойынша анықталды».

Өтуге қиындық туғызатын жерлерді атпен күзетуді полицейлер келесі жылы жалғастырады.