Азаматтығы жоқ адамдарға құқықтық мәртебесін реттеу жөнінде СҚО-да өткен брифингте сөз қозғалды

Азаматтығы жоқ адамдарға құқықтық мәртебесін реттеу жөнінде СҚО-да өткен брифингте сөз қозғалды

Құжаттары жоқ адамдардың құқықтық мәртебесін реттеу үшін ҚР ІІМ Көші-қон қызметі комитеті БҰҰ ҚР босқындар істері жөніндегі БҰҰ Жоғарғы комиссары басқармасымен бірлесіп, кең ауқымды акция өткізуде. Оның мақсаты – осындай адамдарды анықтап, оларға ҚР азаматтығы құжатын ресімдеуге көмек көрсету. Бұл жайлы СҚО өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында сөз қозғалды. «Құжаттардың болмауы адамдардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруда қолбайлау болады. Олар өздеріне қажетті жәрдемақыны ресімдей, денсаулық сақтау, білім беру ұйымдарының қызметтерін, көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді ала алмайды. Көші-қон қызметі олардың мәртебесін анықтауда және ҚР азаматты немесе азаматтығы жоқ адамның құжаттарды ресімдеу кезінде көмек көрсетіледі», - деп тоқтала кетті ҚР ІІМ КҚҚК төрағасының орынбасары Сабыржан Сейтжанов.

«Біз осы науқан еліміздің барлық өңірін қамтитындығына, азаматтығы жоқ адамдар бойынша статистикалық деректерді нақты анықтауға, сондай-ақ құжаттары жоқ адамдарға олардың құқықтық мәртебесі мен құқықтық сәйкестігін анықтау бойынша жағдайды шешуге мүмкіндік береді», - деді Адам құқықтары жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросы директорының орынбасары Денис Дживага.

Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында ҚР аумағында құжаты мен құқықтық мәртебесі жоқ 237 адам анықтады. Бұл ересек азаматтардың көпшілігі туу туралы куәлікпен өмір сүріп келген, осындай 111 адам анықталды. Біздің өңірімізде 74 азамат КСРО паспортымен тұрып келген. Қалғандарының құжаттары ресімделді немесе акт жазбасының негізінде құжаттандырылады. Өздеріңіз түсінгендей, бұл адамдар мемлекетпен көзделген, қандай да бір қызмет алу мүмкіндіктерінен айырылғандар болып табылады. Жүргізілен жұмыстың нәтижесінде, биыл жеке басын куәландыратын құжатсыз тұрып келген 65 адамды құжаттандырды. Әлеуметтік төлемдер құжаттары жоқ адамдардың өз құжаттарын ретке келтіруде жиі алаңдатушылық тудырады. Көбіне зейнетақы алуға байланысты болады.

Сабыржан Сейітжанов атап өткендей, бұл бағыт азаматтығы жоқ адамдарға тек заңдылық жағынан көмек көрсетуден басқа көптеген жұмыс атқаратын үкіметтік емес ұйымдармен тығыз ынтымақтастықта жүзеге асырылуда. Солтүстік Қазақстан облысындағы М. Жұмабаев ауданында орын алған оқиға осының дәлелі. 30 жастағы әйелді құжаттандыру үшін молекулалық-генетикалық сараптама жасау қажет болды. Бұл қымбат процедураның қаржылық шығындарын адам құқықтары жөніндегі бюро көтерді. Биыл тамыз айында Уәлиханов ауданында ешқандай құжаттары жоқ баласы бар әйелдің тұрып жатқаны анықталды. Қазіргі уақытта екеуі де құжаттарын қолдарына алды. 8 жасар қыз мектепке барды.

Брифинг соңында спикерлер әлеуметтік желі қолданушыларымен байланысқа шығып, құжаттарды қалпына келтіру жөніндегі сұрақтарға жауап берді. Олар құжаттандыру үшін азаматтарға тұрғылықты жері бойынша аудандық полиция бөлімінің көші-қон қызметіне жүгіну қажеттігін атап өтті, онда бұл мәселені шешу үшін заңмен белгіленген мерзімде көмек көрсетілетін болады...