
Қоғамдық көлік жолаушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында полицейлер автобус жүргізушілерінің тарапынан құқық бұзушылықтарды ескерту бойынша жұмысты жандандырды.
21 қыркүйек күні елімізде «Автобус» операциясы басталды, оған патрульдік полицейлер, учаскелік инспекторлар, көліктік бақылау инспекциясы, жұртшылық – барлық мүдделі ведомстволар қатысуда, 400-ге жуық полицей тартылды. Басты назарда жүргізушілердің Жол қозғалысы ережелерін сақтауы, еңбекті ұйымдастыру, көліктің техникалық бақылауы, сондай-ақ жолаушылардың қауіпсіздігі.
СҚО Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Қанат Айтбаевтың айтуынша, қазанның 21 мен 23 аралығында «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі. Мақсаты – қоғамдық көлік жүргізушілерінің жолдағы тәртібін нығайту, жолда апаттылықты төмендету. Іс-шара аясында полиция қызметкерлері мүдделі органдардың өкілдерімен бірлесе, көлік құралдарының техникалық және санитарлық жағдайын, электржабдықтарды, сондай-ақ жылыту жүйесін тексеруде, мұның бәрі жолаушылар тасымалының қауіпсіздігіне және жүкке әсер етеді. «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасының алғашқы күнінде СҚО жолдарында қоғамдық көлік жүргізушілерінің тарапынан 88 бұзушылық анықталды. Оның 30-ы көлік жүргізу кезінде телефонды пайдалану, маневр жасау ережелерін бұзудың -12, сондай-ақ жылдамдық асырудың 6 фактісі тіркелді.
«Ассоциация өкілдері жергілікті полиция қызметімен бірге рейдтерге шығады. Мақсаты – жолаушылардың қауіпсіз тасымалдануын қамтамасыз ету, Петропавл қаласындағы барлық қоғамдық көлік тексерілуде. Бұзушылықтарды анықтаймыз. Мұндай тексерістер қазіргі уақытта аса қажет», - деп атап өтті «СҚО Автокөлік одағы» ассоциациясының төрайымы Галина Семенова.
СҚО ПД Жергілікті полиция қызметінде автобус жүргізушілері тарапынан орын алатын бұзушылықтардың алдын алу желісі бойынша облыс жолдарында өткізіліп жатқан жедел-профилактикалық іс-шара осымен жыл басынан екінші рет өтіп жатқанын атап өтті. Бірінші кезең қаңтар айында өткізілді. 9 айдың ішінде солтүстікқазақстандық полицейлер қоғамдық көлік жүргізушілері тарапынан Жол қозғалысы ережелерінің 602 бұзушылығын анықтады. Көп жағдайда жүргізушілер ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің «Көлiк құралын басқару кезiнде жүргiзушiнiң телефонды пайдалануы» 591-бабын бұзған. Сондай-ақ қоғамдық көлікті масаң күйде басқарудың бір фактісі анықталды.