Петропавлда патрульдік машиналардың камералары 3 мыңға жуық бұзушылықты тіркеді

Петропавлда патрульдік машиналардың камералары 3 мыңға жуық бұзушылықты тіркеді

Петропавлда патрульдік автомашиналардың стационарлық бейне бақылау камералары жаяу жүргіншілер тарапынан жасалған 1207 жол жүрісі ережелерін бұзушылықты тіркеді. Бұл техникалық құралдармен жабдықталған 24 қызметтік автомашина құқықтық тәртіпті нығайтуға үлесін қосуда. Барлығы осы камералардың назарына 3 мыңға жуық құқық бұзушылық іліккен. Қоқыс тастаудың 46 фактісі, қарсы жолаққа шығудың 54 фактісі тіркелген. Бұзушылықтардың ішінде жиі кездесетіні қауіпсіздік белдігін тақпаудың 596 фактісі және рөлде отырып телефонмен сөйлесудің 350 фактісі камераға тіркелген.

«Бұл техникалық құралдар жол қозғалысына қатысушыларды тәртіпке бой ұсындырып, жалпы адамдардың құқықтық санасын нығайтады. Профилактикалық тұрғыда жаңа технологияларды енгізу өз нәтижесін беруде. Жолда осындай құрылғымен жабдықталған автомашиналардың жүруі жүргізушілердің жылдамдықты азайтып, өзін жолда өрескел әрекеттерді жасаудан шектейді», - деп тоқтала кетті Петропавл қ. ПБ патрульдік полиция батальоны командирі Қанат Әлімжанов.