СҚО жолдарында белсенді жол белгілері орнатылды

СҚО жолдарында белсенді жол белгілері орнатылды

Жолдарда құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін Солтүстік Қазақстан облысындағы республикалық және облыстық маңызы бар автомобиль жолдарында автопатрульдердің 14 макеті орнатылды. Аудандық бөліністердің басшылары оларды алдын алудың қосымша элементі ретінде апаттар жиі орын алатын учаскелерге орнатты. Жол қауіпсіздігін сақтау үшін қолданылатын осы және басқа да техникалық ресурстар жүргізушілерді тәртіпке шақыруға көмектеседі. Шуыл жолақтары, жылдамдық өлшегіштер, белсенді жол белгілері де осы бағыттағы қосымша «көмекшілер» болып табылады.

Құқықтық тәртіпті нығайту үшін жолдарды қосымша жабдықтау мәселесі Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің басшылығының бақылауында. Жолда қауіпсіз жүру үшін барлық жағдайды қамтамасыз ету жөнінде әкімшілік полиция мен жергілікті полиция қызметі қызметкерлерінің алдына міндет қоя отыра, «Қала сыртындағы жолдар - барлық жол қозғалысына қатысушылар үшін қауіпті участок болып табылады. Апаттылық деңгейіне әсер ететін негізгі фактор - бұл жүргізушілердің тәртібі», - деді СҚО ПД бастығы полиция полковнигі Марат Төлебаев. Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында жол-көлік оқиғалары салдарынан 21 адам көз жұмды, олардың жартысынан көбі республикалық және жергілікті маңызы бар жолдарда, яғни 29 апат орын алып, 11 адамның өмірі қиылды.

СҚО ПД әкімшілік полиция басқармасында, жаяу жүргіншілер өтетін аймақ маңында жүргізушілердің назарын аударуға мүмкіндік беретін, республикалық маңызы бар жолдарда 30 белсенді жол белгісі орнатылғаны жайлы айтылды. Жолдарда орнатылған жылдамдық индикаторлары жылдамдық шегін асырмауды еске салады. Патрульдік полиция экипаждарының жолдарда патрульдеу жүргізуі үлкен профилактикалық аспект болып табылады. СҚО-да күн сайын елдегі жолдарды патрульдеу үшін 15 экипаж шығады, олар тек заңдылықты қадағалап қана қоймай, кез-келген күтпеген жағдайда адамдарға көмектесуге әрдайым дайын.