
Қылмыскерлерді іздестіру – криминалдық полиция жұмысындағы маңызды міндеттердің бірі. Іздестіру жұмысы басқа қызметтермен және шетелдік құқық қорғау құрылымдарымен өзара тығыз іс-қимыл жасау арқылы жүзеге асырылады.
«ТМД елдері қылмыскерлерді іздестіру желісі бойынша өзара іс-қимылды Минск және Кишинев конвенциясы аясында жүзеге асырады, - деді СҚО Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Петр Климов. – Бұдан бөлек, Солтүстік Қазақстанда РФ Омбы, Түмен және Қорған облыстарымен шекаралас ынтымақтастық шеңберінде қол жеткізілген уағдаластықтар бар. Бұл ақпаратпен алмасу тәртібін жеңілдетеді және шекаралас мемлекеттердің аумағында жасырынып жүрген қылмыскерлерді табуға көмектеседі».
Ағымдағы жылы СҚО полицейлері ТМД елдері үшін жиырма қылмыскерді іздеп тапты. ҚР аумағынан тыс екі солтүстікқазақстандық ұсталды. Оның біреуі дене жарақаттарын келтірумен бұзақылық жасағаны өткен жылы сотталған Петропавл қ. 1992 жылғы тұрғыны. Шартты түрде мерзімімен бұрын босатылған ер адам белгіленген шектеулерді елемей, Ресейге кеткен. Ақпарат шекаралас облыстарға жіберіліп, оған халықаралық іздеу салынды. Ол Астрахань қаласынан табылды. Қазіргі уақытта ол СҚО-ға этаппен жеткізіліп, жазасын бас бостандығынан айыру орындарында өтеуде.
Осындай жағдайлар іздестіру істерін ашуға себепші болып жатады. Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған қылмыскерлер және пробациялық бақылаудағы тұлғалар тиісті органдарды хабардар етіп, емделу, оқу, жұмыс бойынша, яғни қажетіне жүре алады. Алайда олар заң талаптарын елемей, тіркеу орнынан өз бетінше кетіп қалып жатады. Осындай жағдайларда криминалдық полиция қызметкерлері олардың жүрген жерін анықтау үшін шаралар қабылдайды.
Жыл басынан СҚО аумағында 37 қылмыскерге іздеу салынып, 28-і ұсталды.