Биылғы жылы 13 петропавлдық ата-ана құқығынан айырылды

Биылғы жылы 13 петропавлдық ата-ана құқығынан айырылды

Петропавлда ювеналдық полицейлер спирттік ішімдікке әуес 33 жастағы қала тұрғынын ата-ана құқығынан айыруға материал жинауда. Әйелдің екі ұлы бар, бірі 13 жастағы жасөспірім мен екіншісі 7 айлық сәби. Ұқыпсыз анаға қатысты бұрын жиналған барлық материалдар кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқығын қорғау жөніндегі комиссияда қаралып, оны ата-ана құқығынан айыру үшін сотқа материал жолдау туралы шешім қабылданды. Жарты жыл бұрын Полицейлер оған жағдайды түзетуге үшін мүмкіндік берген. Сәуір айында тұрғылықты жері бойынша кезекті тексеріс барысында оның үйінде болмағаны, жаңа туған сәбиді үлкен ағасының қарауына қалдырып, өзі ол уақытта ішімдік жүргені белгілі болды. Сонымен қатар, ювеналдық полицейлер үйді таза ұстамайтынын «Үйде иттің болуы, толық антисанитария, ас үйде тарақандардың көп болуы, жуылмаған ыдыс-аяқтар... Кәмелетке толмаған балаларды қалдыру туралы акті толтырылып, балалар ауруханаға жатқызылды», - деп қаулыда айтылған. Әйел адам ата-ана міндеттерін орындамағаны және өзге де құқық бұзушылық жасағаны үшін бірнеше рет әкімшілік жауапқа тартылған.

«Профилактикалық іс-шараларға қарамастан, ол ішімдік ішуін қоймауда, ұсынымдарды орындамайды, өзінің ата-аналық міндеттерін тиісті атқармайды. Көршілерінен аталған азаматшаның ішімдік ішетіні, әдепсіз өмір салтын ұстанатыны жайлы шағым келіп түсуде», - дейді Петропавл қ. ПБ ювеналдық полиция тобының бастығы Эльмира Абушева.

Барлығы жыл басынан Петропавлда 13 заңды өкіл ата-ана құқығынан айырылды, 8 материал қаралуда.