
Петропавлдағы Қазақ мектеп-гимназиясының 2-сынып оқушыларына полиция қызметкерлері қауіпсіз мінез-құлық туралы шығарма жаздыру сабағын өткізді. Тәжірибелі маман оқушылармен әңгімелесіп, олардың білімін тексерді, кейін шығарма мәтінін дауыстап оқыды. Интернетте ойнағанда бейтаныс сайттарға өтпеу, жеке деректерді талап ететін қосымшаларды ашпау, бөтен адамдарға есік ашпау, жолды дұрыс кесіп өту — осы және басқа да пайдалы кеңестерді балалар өз қолдарымен дәптерлеріне жазып алды.
Шығарма «Полиция және балалар — қауіпсіздік үшін бірге» акциясы аясында ұйымдастырылды. Құқық қорғау қызметкерлері Заң мен Тәртіпке құрметті ерте жастан қалыптастыру қажет деп санайды. Осы мақсатта балалардың қауіпсіз және заңға құрметпен қарау мәдениетін жақсы меңгеруі үшін қызықтылық, интерактивтілік және шығармашылыққа негізделген түрлі форматтар пайдаланылады.