
Қараша айының тұманды күнінде Петропавл қаласындағы Қазақстан Конституциясы көшесінде басым түске айналған – қызғылт сары түс болды. Мұнда «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенді іс-қимыл» халықаралық акциясы басталды.
Полиция қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, полицияның ерікті көмекшілері және Жастар ресурстық орталығының волонтёрлері қала тұрғындарына қызғылт сары ленталар мен шарлар таратты: әйелдерге – өздеріне немесе жақындарына қатысты зорлық-зомбылық туралы үнсіз қалмайтындықтарының белгісі ретінде, ерлерге – зорлық-зомбылыққа жол бермеуге және оған қарсы белсенді түрде әрекет етуге дайындық белгісі ретінде.
Жыл басынан бері тек Петропавлдың өзінде 1000-нан астам тұрмыстық зорлық-зомбылық дерегі тіркелді. Полиция қызметкерлері құқықбұзушылармен профилактикалық жұмыс жүргізіп келеді, олардың шамамен 70-і мінез-құлықты психологиялық түзету курстарынан өтуде. Отбасылық өмірдің қауіпсіз болуы үшін жүйелі профилактика қажет, оның өзегінде – адамдардың мәселе туралы хабардар болуы жатыр.
«Заң және Тәртіп» тұжырымдамасына сүйене отырып, полицейлер 25 қарашадан 10 желтоқсанға дейін бүкіл әлемде өтетін халықаралық акция аясында бірқатар іс-шара жоспарлады. Тәртіп сақшылары отбасы ішіндегі зорлық-зомбылық жағдайлары туралы «111» және «150» республикалық жедел желілеріне немесе «102» арнасына хабарлауға болатынын еске салады.