СҚО криминалистері негізгі ережелерді аңшылардың есіне салды

СҚО криминалистері негізгі ережелерді аңшылардың есіне салды

Күз түсе аң аулау маусымы басталады. 2 мыңнан астам солтүстікқазақстандық аңшыларға табиғат аясында демалумен қатар, достармен әңгіме-дүкен құру, сонымен қатар аң аулау маңызды кезең болып табылады. Солтүстік Қазақстан облысы ПД Жедел-криминалистикалық басқармасы мамандарының көп жылғы тәжірибесі көрсеткендей, кейде қару ұстау ережелерін бұзу салдары қайғылы жағдайға әкеледі.

Криминалистер 2019-2020 жылдар аралығында Солтүстік Қазақстан облысында қарумен байланысты он апат тіркелгені, оның үшеуі өлімге әкелгені жайлы қайғылы статистиканы келтірді.

Өткен жылы облыс ауданының бірінде екі жас жігіт аң аулауға шыққан. Орманда олар еліктің ізіне түсу үшін екіге бөлінген. 150-200 метрдей жүргеннен кейін, олардың біреуі кенеттен жапырақтың сыбдыры мен бұтақтың сықырлаған дауысын естіп, ... сол жаққа қарай атады. Адамның айқайлаған даусын естіп, бірге келген серіктесінің қатты жараланып, қансырап жатқанын көреді. Ауруханаға бара жатқан жолда жәбірленуші көз жұмады.

Тәжірибелі криминалист полиция капитаны Ниязбек Қожахметов оқиға болған жерді тексерген кезде, марқұмның сыртқы киімін, атылған оқ пен пайдаланылған патрондардың орналасуын тексерген кезде баллистикалық параметрлер бойынша оқ жақын қашықтықтан атылмағанын, 30-40 метрдей қашықтықтан атылғанын анықтады. Дәл осы нұсқаны қалалық мәйітханада марқұмның мәйітін зерттеген сот-медициналық сарапшы да растады. Тергеу барысында бұл зерттеулер көп септігін тигізді...

Криминалистер аң аулауға шығатын адамдардан аң аулау кезінде екі негізгі ереже «мылтыққа әрдайым оқ тиеліп, атуға дайын тұрғандай қарау» және «саусақты шүріппеде ұстамауды» есте сақтауды сұрайды. Аң аулау ережелерін өрескел бұзу қайғылы оқиғаларға әкеліп жатады: бір жерден екінші жерге ауысқан кезде аңшылар оқталған қарумен көлікке отырады! Патрондарды ұңғыдан және магазиннен алып, мылтықты өзінің арнайы қабына салып қою керек – себебі өздігінен көлікте атылып кетуі мүмкін.

- Тәжірибе жоқ аңшылар кейде дыбысқа, бұтақтың сыбдырына, қараңғы жерлерге атады! Айқын көрінетін нысанаға ғана ату қажет.

Ақауы бар қаруды қолдануға, оны ұғыдан шығаруға, аң аулау кезінде алкоголь ішуге болмайды.

Түсініксіз нысанаға, дыбысқа, сыбдырға немесе кездейсоқтық, әсіресе тығыз қопаларда атуға болмайды. Оқ атылғанда жерге, тасқа тиіп, бұрылып кету мүмкіндігін есте сақтау қажет. Қамыс арасында аң аулау кезінде жерден 2,5 метрден төмен нысанаға атуға болмайды. Ату алдында оқтың немесе оқтың мүмкін болатын ұшу бағытын бақылау қажет. Бұтаның арасынан өткенде, міндетті түрде қаруды оқсыздандыру керек немесе сақтандырғышына қою қажет.

Оқталған қаруды лақтыруға немесе ыңғайсыз жерге қоюға болмайды. Адамға жақындаған кезде мылтықты жоғары немесе бүйірге қарай бұру қажет.

Топта аң аулау кезінде барлық аңшылар қорықшының немесе топ ішіндегі ең тәжірибелі аңшының барлық нұсқауларын орындаулары тиіс. Қаруды оқ атқыш нөмірде болған кезде ғана оқтаңыз - нөмірден шыққан кезде оны оқсыздандыру керек. Шулауға болмайды, нөмірден рұқсатсыз шығуға немесе оны басқа қатысушымен алмастыруға, басқа аңдарға атуға болмайды. Нөмірде тыныштық сақтау керек, қоршаудың басынан аяғына дейін қозғалмау керек, жерді, әсіресе өз секторыңызды мұқият қарап шығыңыз. Ату сызығы бойынша және өз секторынан тыс жерде атуға тыйым салынады.

Солтүстік Қазақстан облысы ПД Жедел-криминалистикалық басқармасы баллистика жөніндегі маманы полиция капитаны Ниязбек Қожахметовтің айтуынша, қауіпсіздік және техникалық қауіпсіздік шараларын сақтау ғана аң аулау кезінде жазатайым оқиғаларды болдырмауға мүмкіндік береді және бос уақытты қайғылы жағдайдың орын алуына жол бермейді.

фотода: СҚО ПД ЖКБ криминалисі полиция капитаны
Ниязбек Қожахметов