СҚО полицейлері жыл басынан 9 мың абаттандыру қағидаларын бұзуды анықтады

СҚО полицейлері жыл басынан 9 мың абаттандыру қағидаларын бұзуды анықтады

Күн сайын Петропавлда 59 учаскелік инспектор қызмет көрсететін учаскелерін аралап шығады. Олардың міндеттерінің бірі - абаттандыру қағидаларының сақталуын тексеру. Бұдан бөлек, жыл басынан облыс орталығындағы көшелердің таза ұсталуын тексеруге бағытталған 50 астам рейд өткізілді. Тәртіп сақшылары профилактикалық әңгімелесу жүргізіп, қала тұрғындары мен кәсіпкерлерді іргелес аумақтарды таза ұстау қажеттігі туралы ескертті, жадынамалар таратты. Рұқсат етілмеген қоқыс орын анықтау мен жоюға ерекше көңіл бөлінеді.

«Жұмыс қалалық әкімдік тығыз қарым-қатынаста жүргізілуде, - деп нақыталап кетті Петропавл қ. ПБ Жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Айдын Ақмағамбетов. — ЖПҚ қызметкерлері қала шегінде орналасқан ірі кәсіпорындардың аумағын тексерді. Олардың бірінен өндірістік қалдықтарды тасталған рұқсат етілмеген қоқыс орны анықталды . Кәсіпорынға жақын маңда тұрғын үйлер мен білім бері мекемелері орналасқан. Заңды тұлғаға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабы «Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру» бойынша хаттама толтырылды.

Айыппұл сомасы — 138 900 теңге — бұл кәсіпорын бюджетіне айтарлықтай ауыртпалық түсірмейді, қолданылған шараның ықпалы болды: қоқыс тасталған орын жойылды. Полицейлер жыл ішінде қайталап бұзушылық жасаған жағдайда ғана айыппұл салады. Әдетте, мұндай жағдайларда ескерту сынды әкімшілік шаралар жеткілікті болып жатады. Жыл басынан Петропавлда 3,5 мыңнан астам абаттандыру қағидаларын бұзу анықталып, 97 құқық бұзушыға айыппұл салынды. Оның сегізі заңды тұлғалар. Барлығы Сқо-да 9 ай ішінде ҚР ӘҚтК 505-бабы бойынша 9 мыңнан астам құқық бұзушы анықталды.