Есірткіге малынған маскалар - жалған

Есірткіге малынған маскалар - жалған

WhatsApp мессенджері мен әлеуметтік желілерде қылмыстық әрекеттің жаңа түрі жайлы ақпарат таралуда. Хабарламада белгісіз біреулер есірткі химикаттарына малынған маскалар таратып жүргендері жайлы айтылған. Бұл, ескерту хатының авторының айтуынша, пәтерге кіру үшін адамдарды ес-түссіз күйге келтіруге мүмкіндік береді.

СҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бұл ақпараттың жалған екендігін айтты. Мұндай маскалардың таралу фактілері және ақпаратта сипатталған басқа жағдайлар тіркелген жоқ. «Жалған ақпарат таратқаны үшін заңнамада Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске саламыз. Айта кету керек, қазір адамдар көбінесе жалған ақпаратты шынайы жаңалықтардан ажырата біледі, бірақ соған қарамастан, мұндай жалған ақпарат халық арасында дүрбелең туғызуы мүмкін», - деді Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Руслан Назаров.