СҚО-да өткен демалыс күндері 50 астам жуық карантинді бұзу анықталды

СҚО-да өткен демалыс күндері 50 астам жуық карантинді бұзу анықталды

Өткен демалыс күндері құрамында полицейлер, прокуратура мен Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің қызметкерлері бар мониторингілеу тобы жұмысты күшейтті. Екі күн ішінде облыста карантинді бұзудың 58 фактісі анықталды. Шектеу шараларын күшейтуге қарамастан, рейд барысында өңірде отбасылық жиындар өткізген дәмхана, демалыс орындарының жұмыс істегені белгілі болды. «Грин парк» ойын-сауық кешенінде сол сенбіде үш салтанатты жиын өткізілген. Карантинді бұзу фактісі бойынша мерекелерді ұйымдастырушылар мен ойын-сауық орнының әкімшісіне қатысты 4 әкімшілік материал жиналды. Қонақтардың іс-шарадан кетулеріне тура келді. Осыған ұқсас бұзушылықтар «Сосновый бор» мен «Березовая роща» демалыс орындарында да анықталған. Шәжімбаев көшесіндегі жалға берілетін үйлердің бірінде петропавлдықтар үйлену тойын өткізген. Сонымен қатар, Семашко көшесіндегі жалға берілетін коттеджде салтанатты отырыс өткен. Демалыс күндері Асхана мен екі дәмханада облыстың бас санитарлық дәрігерінің қаулысы талаптарын бұзу анықталды...

«Түсіндіру әңгімелері мен әкімшілік ықпалы бар шаралар карантиндік шектеулердіі талаптарын сақтау бойынша адамдардың тәртібі мен санасын нығайтуға бағытталған. Біздің міндетіміз қазіргі уақытта инфекцияның таралуына жол бермеу үшін барлық қажетті шараларды қабылдау. Жиналған барлық әкімшілік материалдар алдағы уақытта шаралар қабылдау үшін санитарлық қызметке тапсырылды», - деп тоқтала кетті СҚО ПД бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Қанат Айтбаев.

Облыста барлығы ҚР ӘҚтК 425-бабы бойынша 1728 материал жиналды.