
Петропавл қ. тұрғынына діни әдебиетті сатқаны үшін 130 мыңнан астам айыппұл төлеуге тура келеді. Қала тұрғыны Петропавл қаласының Мамандандырылған сотымен ҚР ӘҚБтК 490-бабы бойынша айыппұл түріндегі жазаға тартылды. Діни әдебиетті тиісті рұқсатсыз тарату фактісін СҚО ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері анықтады.
Ұқсас бұзушылық жасағаны үшін «ВКонтакте» әлеуметтік желісінде діни сипаттағы аудио-бейне материалдарды орналастырған тағы бір қала тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылды. «Діни сипаттағы әдебиетті сатуға жергілікті атқарушы органдардан рұқсаты бар сауда орындары құқылы. Басқа жағдайларда діни қызмет туралы ҚР заңнамасын бұзу болып табылады», - деді СҚО Полиция департаменті Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының міндетін атқарушы Алмаз Шитқанов.
Ағымдағы жылы осындай бұзушылықтар жасағаны үшін 11 солтүстікқазақстандық әкімшілік жауапкершілікке тартылды.