СҚО-да учаскелік полиция инспекторлары тұрмыстық зорлық-зомбылықтың 200 астам фактісін анықтады

СҚО-да учаскелік полиция инспекторлары тұрмыстық зорлық-зомбылықтың 200 астам фактісін анықтады

7 қыркүйектен СҚО учаскелік полиция инспекторлары "Учаске" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жұмыс істеуде. Жедел профилактикалық іс-шара мақсаты - құқық бұзушылықтардың алдын алу шарасын күшейту, халықпен өзара іс-қимыл жасауды нығайту. Тәртіп сақшылары жалғыз басты зейнеткерлердің үйлерін аралап, қару иелерін, тұрмысы төмен отбасыларды, бұрын сотты болған адамдарды, есепте тұрған өзге де контингенттерді тексерді.

Іс-шараның маңыздылығы халықты ақпараттандырудың жаңа түрі болды. Полиция департаментінің аккаунттарындағы әлеуметтік желілерге Петропавл қ. барлық учаскелік полиция пункттерінің мекенжайлары мен телефондары орналастырылды. Учаскелік инспекторлардың тізімдері мен байланыс телефондары бар посттарды облыс орталығы Полиция басқармасының әлеуметтік желілерінде жарияланады.

"Аталған әкімшілік учаскеге қызмет көрсететін қызметкердің аты мен телефон нөмірі көрсетілген ақпараттық парақты подъездерде жапсырылса, қазіргі уақытта бұл мәліметті қосымша әлеуметтік желіден де алуға болады", - деді СҚО ПД бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Қанат Айтбаев. - Біз, әр адам өз учаскелік инспекторын білуі және көмегі керек кезінде бірден оған жүгінуі үшін жағдай жасаудамыз. Айта кететін болсақ, полицияға жүгінуге құлық танытпай, "үйдегі дауды жылы жауып қою" бұл отбасы-тұрмыстық қатынас аясындағы құқық бұзушылықты қамтамасыз етудің басты мәселелерінің біріне айналады. Халықтың осындай ұстанымын адамдармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейтін учаскелік инспекторлар өзгертуі керек".

Мысалға, № 9 учаскелік пунктке қарасты аумақты аралау кезінде инспектор қала тұрғынының үйінде ұрып-соғу белгілерімен жас қызды байқаған. Оны ауыр дене жарақаттарын келтіргені үшін бұрын сотталған Петропавл қаласының тұрғыны, күйеуі соққыға жыққаны белгілі болды. Қыз анасының үйінде жасырынған. Бұрын ол күйеуіне қарсы сегіз рет арыз жазып, кейін оны қайтарып алып отырған. Учаскелік инспектор жәбірленушіге отбасындағы зорлық-зомбылық ауыр жағдайға әкеп соқтырмауы үшін оның жолын кесу қажеттігін түсіндірген. Қыз сот-медициналық сараптамадан өтуге келісім берген. Оның күйеуіне қатысты қорғау ұйғарымы шығарылды - оған әйелімен кездесуге және оны қудалауға тыйым салынды. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-1-бабы 1-1-б. "Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру" бойынша материал жиналуда. Сотқа қарау жұдырық жұмсағышқа сабақ болары мүмкін.

Жедел профилактикалық іс-шарасы басталғаннан бері СҚО полицейлері 50 мыңнан астам пәтер мен 65 мыңға жуық жеке үйлерді аралап шықты. Отбасы-тұрмыстық қатынас аясында 206 құқық бұзушылық фактісі анықталды, оның 56 Петропавлда. Барлығы учаскелік инспекторлар 3600 астам түрлі құқық бұзушылықты анықтады, оның 1000 астамы облыс орталығында.