Солтүстікқазақстандық студенттер криминалистерді оқытатын полигонда болды

Солтүстікқазақстандық студенттер криминалистерді оқытатын полигонда болды

Солтүстік Қазақстан университетінде заңгер мамандығында оқып жатқан 16 студент СҚО ПД жедел-криминалистикалық басқармасында болды. Болашақ юристер қылмыс жасалған жерлерден іздерді алу және тергеу ерекшеліктерімен тығыз танысты. Сабақ жас қызметкерлерді практикалық дағдыларға үйретуге арналған оқу полигондарында-бөлмелерде өтті. Мұнда манекендердің көмегімен қылмыс жасалған орын бейнеленген, қару-жарақ, заттар және криминалистер өз жұмыс істейтін іздердің үлгілері жинақталған.

Сабақты Солтүстік Қазақстан облысы ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Еңбек Сембин ашты. «Мұндай іс-шаралар ай сайын өткізіліп тұрады - бұл облыстық Полиция департаменті мен Солтүстік Қазақстан университеті арасында жасалған меморандумды іске асырудың бір жолы, - деді ол. - Меморандумның мақсаты - мамандарды мақсатты дайындауға жағдай жасау. Мүмкін, оқу орнын аяқтағандардың ішінде құқық қорғау органдарында қызмет етуді таңдайды немесе кейбіреуі сот саласында жұмыс істер – полиция жұмысының қыр-сырымен танысу барлығына бірдей таптырмас тәжірибе болып табылады».

СҚО Полиция департаменті Жедел-криминалистикалық басқармасының бастығы полиция полковнигі Игорь Семёнов пен оның қызметкерлері студенттерге криминалистер қолданған құрал-жабдықтарды, қылмыс орнынан алынған нақты заттай дәлелдерді көрсетіп, іздердің қалай алынатынын және қалай тіркеуге алынатыны жайлы айтып берді. Шеф-тәлімгер Сергей Плясунов криминалистикалық бөлінісінде қызмет еткен жылдары өзі жинаған жалған банкноттар коллекциясы мысалға ала отыра, қолдан жасалған ақшаны анықтаудың тәсілдері туралы айтты.

Бояусыз дактилоскопиялауға арналған заманауи сканер ерекше қызығушылық тудырды. Бұл құрылғы республиканың барлық криминалистері пайдаланатын «Папилон» АДЗ базасы үшін алақан іздерінің дәлме-дәл электронды картасын әп-сәтте жасап шығарады екен. Ниет білдіріп қол іздерін жасағандарға дактокарталары сыйға берілді. Қысқаша жүргізілген нұсқаулықтан студенттердің кейбіреулері өз қолдарымен жасап көрді.

СҚУ аға оқытушысы Александр Лобода осындай сабақтардан кейін студенттер теорияны жақсы қабылдап, қызығушылықтары артатынын атап өтті. Ол криминалистика және сот экспертологиясынан сабақ береді. 18 жыл еңбек өтілі бар криминалист өз тәжірибесіне сүйене отыра, бұл жұмыстың қыр-сырын тек іс жүзінде танып-білуге болатынын жақсы біледі. Оның айтуынша, СҚУ түлектері жұмысқа тез бейімделгіш келеді.

Кездесу соңында тәртіп сақшылары пандемия кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы айтып, болашақ заңгерлерге медициналық бетперделерді тарту етті. Сабақ студенттердің естінде қаларлықтай тартымды өтті. Олар полицейлерге алғыстарын білдіріп, өз көздерімен қылмыс орнын көргендей болғандықтарын жасырмады.

Жыл басынан карантиндік шектеулер мүмкіндік берген уақытта СҚО Полиция департаменті Жедел-криминалистикалық басқармасы өткізген сабаққа 100-ден астам студент қатысты. Болашақ мамандарды дайындау жөніндегі жұмыс СҚО Полиция департаментінің тұрақты бақылауында.