СҚО-да үш күн ішінде полицияға 371 тұрақты мекенжайы жоқ адам тексеру үшін жеткізілді

СҚО-да үш күн ішінде полицияға 371 тұрақты мекенжайы жоқ адам тексеру үшін жеткізілді

Криминалдық полиция қызметкерлері «Қаңғыбас» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде жұмыс істеуде.

Жедел-профилактикалық іс-шара барысында полицейлер үй-күйсіз жүрген адамдардың жиналатын барлық жерлер - саяжай алқаптары, қараусыз қалған ғимараттарды, үйлердің шатырларын, кәріз құдықтарын, қоқыс төгетін орындарды тексерді.

СҚО ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Руслан Назаровтың айтуынша, «Қаңғыбас» жедел-профилактикалық іс-шарасы 14 – 16 қазан аралығында өтеді. Мақсаты – ТМЖ адамдарды анықтау, оларды қабылдап-тарату орнына жеткізу, криминалистикалық, жедел-анықтамалық есепке қою, сондай-ақ қылмыскерлерді ұстау, із-түссіз жоғалғандары анықтау мен іздеу және танылмаған мәйіттердің жеке тұлғасын анықтау бойынша жұмыс жүргізу. Операция басталғаннан бері ішкі істер органдарына тұрақты мекенжайы жоқ 371 адам жеткізілген, олардың барлығы фотосуретке түсіріліп, бейнеге жазбаға жазылып, дактилоскопиялық есепке алынды. Сонымен қатар, полицейлер үй-күйсіздер жасаған 3 қылмыстың бетін ашты. 4 қылмыскер ұсталып, жоғалған 3 адамның қайда екендігі анықталған.

Полицияға Петропавл қаласының 45 жастағы тұрғыны 1971 жылы туған ағасының кетіп қалғаны және бүгінгі күнге дейін үйіне оралмағаны жайлы жүгінген. Әйел адам ағасының жеке тұратыны, оған аптасына бір рет барып хал-жағдайын біліп, азық-түлік жеткізіп тұратынын түсіндірген. Көршілері үш күннен бері көрмегенін айтқан. Спирттік ішімдік ішсе де, бұрын ол үйінен кетіп қалмаған. Полицейлер Петропавл қ. Полиция басқармасындағы барлық есептер бойынша тексерген, іздеуге барлық жеке құрам жұмылдырылған, фотобағдарлар облыстың барлық полиция бөліністеріне жіберілген, сондай-ақ әлеуметтік желілерде жарияланған. Із-түссіз жоғалғанның болуы мүмкін аудандар, ТЖ және автовокзал, медицианлық мекемелер, бейімдеу орталығы тексеріліп, тұрақты мекенжайы жоқ адамдардан жауап алынды. «Қаңғыбас» операциясы барысында із-түссіз жоғалған адам Жамбыл ауданынан табылған. Ол өз туыстарын ескертпестен табыс табуға кеткені белгілі болды.

Полиция тұрақты мекенжайы жоқ адамдардың тарапынан қоғамдық тәртіпті бұзуға қатысты мәселелер бойынша (подъездерде түнеу, жылу трассаларының бойына жаппай жиналу) қабылдап-тарату орны кезекші бөлімінің 8 (7152) 52-92-89 телефон нөміріне хабарлау қажеттігін естеріңізге салады. Тұрғылықты мекенжайы жоқ адамдар тарапынан жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселесі полицияның сыртқы қызметтерінің бақылауында. Суық түсісімен Жұмысшы кентіндегі «2629 километр» мекенжайында орналасқан қалалық әлеуметтік бейімдеу орталығының түнеу бөлімшесі өз жұмысын жалғастыратын болады.