Петропавлдық есірткі жарнамалағаны үшін сотталды

Петропавлдық есірткі жарнамалағаны үшін сотталды

Синтетикалық есірткіні сақтағаны, сатқаны және жарнамалағаны үшін полицейлер ұстаған Петропавл қаласының тұрғыны 12 жылға бас бостандығынан айырылды. 29 жастағы петропавлдық осы жылдың наурыз айында ұсталған. Сотқа дейінгі тергеу аясында бұрын есірткі қылмысы үшін сотталған қалалық «Telegram» мессенджері арқылы әрекет етіп, 3,5 мыңнан астам жазылушылар жинаған. Ол осы интернет-ресурс арқылы синтетикалық есірткі сатып, қаланың әр ауданында есірткі жасырып келген. Ұсталған адам мінген таксиді тексеру кезінде бірнеше грамм синтетикалық есірткі тәркіленді. Негізгі бөлігін, яғни 400 граммнан астам спайсты полицейлер күдіктінің пәтерінен анықтаған. Сондай-ақ, одан синтетикалық есірткі дайындауға арналған концентрат, электронды таразы, орауыш материалдары, ұялы телефон және ноутбук тәркіленді.

«Спайс сату үшін ол «Папа может» атауымен интернет-дүкенін ашқаны анықталды. Іс жүзінде алғаш рет Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 299-1-бабының 4-бөлігі бойынша электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалана отырып, есірткі, психотроптық заттарды немесе сол тектестерді, прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалағаны үшін қылмыстық жаза тағайындалды. Сонымен қатар, қала тұрғыны есірткі заттарын сату және өткізу мақсатында заңсыз дайындағаны, сақтағаны үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотталды», - деді СҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Жандос Басыбаев.

Жыл басынан бері заңсыз айналымнан 398 келі түрлі есірткі заттары, оның ішінде бір жарым келіден астам синтетикалық есірткі заттары алынды.