
Патрульдік полицейлер тәулік бойы облыс орталығында қоғамдық тәртіпті сақтау пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қызмет атқарады. Атап айтқанда, тәуліктің кез-келген уақытында шұғыл ден қоюды қажет ететін шақыртуларға қызмет көрсетеді. Қарақшылық шабуыл, тонау, төбелес, бұзақылық ЖКО – оқиға орындарына алғашқылардың бірі болып жилеттегі қызметкерлер келеді, кейін ұсталғандарды жедел-тергеу тобына тапсырады.
Күн сайын 90 патрульдік полицей облыс орталығында қоғамдық тәртіпті сақтау пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қызметке түседі. Қызметкерлер 36 автопатрульге, 5 «Модуль» бекетіне, 4 атпен патрульдеуге бөлінеді және 2 жаяу наряд екі ауысымды режимде патрульдеу бойынша қызмет атқарады.
Петропавл қ. ПБ Патрульдік полиция батальоны командирі полиция подполковнигі Қанат Әлімжановтың ақпараты бойынша, жыл басынан батальон қызметкерлері 95 қылмысты ашып, сондай-ақ 784 қылмысты ашуға қатысқан. 17456 түрлі әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, оның 13 мыңнан астамы бейнебақылау камералары мен төске тағылатын бейне жетондардың көмегімен тіркелген.
«Талдау көрсеткендей, Петропавлда көшеде жасалатын қылмыстардың дені күннің екінші жартысы мен кешке орын алады: сағат 16-дан бастап түнгі сағат 00.00-ге дейін - 240 қылмыс тіркелген, сағат 08.00-ден бастап сағат 16-ға дейін – 186 қылмыс және сағат 00.00-ден таңғы сағат 08.00-ге дейін – 117 қылмыс тіркелген», - дейді ППБ командирі Қанат Әлімжанов. Аталған статистика ұдайы талданып отырады және қажеттілігіне қарай бағыттарға түзетулер енгізіледі. Жыл басынан патрульдеу бағыттарын 69 қайта орналастыру жүргізілді. Бұл шаралар тәртіп сақшыларына қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу және қылмыскерлерді ұстау бойынша тиімді қызмет атқаруға көмегін тигізеді.
Нұсқаулық бойынша патрульдік полицейлер қылмыс немесе дабыл сиганлы туралы хабарлама алған сәттен бастап 5-7 минуттан кешікпей оқиға орнында жетуі міндетті. Жеделдік, кәсібилік, азаматтармен сыпайы қарым-қатынас жасау – бұның бәрі қылмысқа қарсы күресте және туған қаладағы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде алдыңғы шепте тәулік бойы жұмыс істейтін қазіргі заманғы патрульдік полицияның бейнесі.