
Соңғы тәулікте Петропавлдағы «102» арнасына 115, оның 8-і қылмысқа, 24-і - әкімшілік құқық бұзушылыққа қатысты қоңырау келіп түсті. «Қауырт» нөмірге жүгінгендердің көпшілігі полициядан түрлі мәселелер бойынша, оның ішінде ақпарат бойынша көмек сұраған. Сондай-ақ, кезекшілік тәулік ішінде медициналық көмекке жүгінген адамдардың жарақат алу фактілері туралы ауруханадан хабарламалар да түсті. Полицейлер жарақат салдарының қылмыстық сипатқа қатысы бар-жоғын анықтаулары тиіс. Өткен тәулікте петропавлдықтар әкімшілік құқық бұзушылықтар мен қылмыстар туралы хабарламалардан басқа, полицияға жалжалға қатысты мәселелерді шешуге қатысты мәселелермен жүгінді. Мұндай хабарламалар саны 20-дан астам. Полицейлерге көршілердің арасындағы қарым-қатынасты, отбасындағы жанжалды, көлік жуу орталығындағы клиент пен әкімшілік арасында жанжалды шешуге тура келді. «Біз мұндай шақыртуларға учаскелік полиция инспекторларын жібереміз. Көршілерден су кетіп жатыр, анам үйге кіргізбейді, келінмен болған жанжал, таксиде сөмкемді ұмытып кеттім, аулада көлігімді бүлдіріп кетті – кеше осындай хабарламалар келіп түсті. Бірақ, көбінесе олар күйеулеріне, ұлдарына немесе көршілеріне шағымданады», - дейді Петропавл қаласы Полиция басқармасы Жедел басқару орталығының бастығы Нұрлан Мұхамеджанов.
Сондай-ақ, «102» нөміріне кенеттен қайтыс болу, жақындарының іс-түссіз жоғалу фактілері бойынша жүгінеді. Жыл басынан бері Петропавл полициясының қауырт желісіне 90 мыңнан астам қоңырау шалынды.