
СҚО ПД аппараттық жиналыстың шымылдығы маңызды сәтпен ашылды. Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Марат Төлебаев «Халық алғысы» медалін табыс етті. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен коронавирусқа қарсы күресте ерекшеленген 25 солтүстікқазақстандық полицей атап өтілді. Полицейлер төтенше жағдай кезеңінде құқықтық тәртіпті қамтамасыз етіп, блок-бекеттерде тәулік бойы кезекшілік атқарған, карантин аймағын күзеткен, коронавирустық инфекциямен және пневмониямен ауыратын науқастардың жүрген жерлерін анықтады. Марапаттау рәсімі барлық санитарлық нормаларды сақтай отыра өткізілді. Полиция ведомствосы басшысының қолынан 4 аудандық бөліністің: М.Жұмабаев ауданының ПБ бастығы полиция подполковнигі Қайрат Бимендин, Ғ.Мүсірепов ат. ауданның ПБ бастығы полиция подполковнигі Марат Әлжанов, Тайынша ауданының ПБ бастығы полиция подполковнигі Нұрлыжан Ақтанов, Мамлют ауданының ПБ бастығы полиция подполковнигі Серік Әлжанов мемлекеттік наградаларды алды. Марапатталғандардың арасында Әкімшілік полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигі Жасұлан Оспанов пен Патрульдік полиция батальонының командирі Ерлан Мәдиев, патрульдік полиция мен аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері де бар.
Халық алғысы медальдары иегерлерінің қатарында СҚО ПД Медициналық бөлім қызметкерлері – медициналық бөлім басшысы Сергей Федоров пен СҚО ПД Емханасы бар госпиталінің зертханашысы Наталья Бубенконың есімдері аталғаны ерекше қуантады. Айта кететін болсақ, Наталья ведомстволық медициналық қызметте 13 жыл жұмыс істейді. Обаға қарсы киімде ол көмегі қажет болған барлық полиция объектілеріне барып, ПТР-анализдерін өткізу үшін ауыз қуыстарынан жағындыларды алды. Жалпы пандемия кезеңінде емханасы бар госпитальдің медициналық қызметкерлері 1,5 мыңнан астам зерттеу жүргізген.
Бұл наградалар – коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты жағдайды тұрақтандыруда полицейлердің қосқан ерекше үлесіне берілген баға.
«Наградалар біздің қызметкерлердің, әсіресе осы қауіпті індеттің жаңа толқыны болуы мүмкін кезеңде мінсіз қызмет атқаруларына серпін береді», - деп тоқтала кетті облыстың бас полицейі Марат Төлебаев.