Солтүстікқазақстандықтың жүксалғышынан аққу табылды

Солтүстікқазақстандықтың жүксалғышынан аққу табылды

Мамлют ауданында шетелдік көліктің жүксалғышынан аққу табылды. Бұл жайлы полицияға Бескөл аңшылық шаруашылығының қорықшысы хабарлаған. Мамлют ауданының Леденево селосының маңында табиғатты қорғаушының назарына жасырынбақ болған «БМВ» автокөлігі ілігеді. Күдік расталып, көліктің жүксалғышынан басы кесілген аққу табылды. «Келген Мамлют ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері құстың денесін алды. Көлік жүргізушісі мен жолаушы мән-жайды анықтау үшін полиция бөліміне жеткізілді. Заңсыз аң аулау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды», - дейді Мамлют ауданының ПБ бастығы полиция подполковнигі Серік Әлжанов.

Солтүстік Қазақстан облысында биылғы жылы аққуды өлтіру фактісі бұған дейін анықталған. Наурыз айында Петропавлда «Ромашка» саяжай қоғамына жақын маңда екі сұңқылдақ аққудың денесі табылған. Айта кетеніні, суда жүзетін бұл құсты аулауға тыйым салынған.