СҚО-да полицейлер астық жинау науқаны кезінде 32 ұрлықты ашты

СҚО-да полицейлер астық жинау науқаны кезінде 32 ұрлықты ашты

Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасында «Астық 2020» жедел-профилактикалық іс-шарасын қорытындылады.

«Астық 2020» операциясы тамыздың 20 мен 10 қазан аралығында 52 күн өткізілді. 13 ауданның әрқайсында криминалдық полиция, учаскелік полиция инспекторлары, патрульдік полицейлер, кинологтардан тұратын мобильді топтар жұмыс істеді. Егістікте ұрлықты анықтау және ескертумен қатар, полицейлер диқаншылар мен астық науқанына тартылғандарға көмек көрсетуге баса назар аударды.

СҚО ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Руслан Назаровтың айтуынша, мобильді топтың қызметкерлері даладағы жолдарды, түнде жарықсыз жүрген техникаларды тексеріп, құжаттар мен жүктерді қараған. «Астық 2020» облыстық жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында СҚО-да 35 қылмыс тіркелген. Оның ішінде – 21 факті астық ұрлау, 7 факті жанар-жағармай ұрлау, 4 факті ауылшаруашылық техникасының қосалқы бөлшектерін ұрлау, 3 факті гербицид ұрлау. 35 қылмыстың 32-сі «ізі суымай» ашылған. Көбіне ұрлықты астық науқанына жұмылдырылған кәсіпорындар мен шарушылықтардың жұмысшылардың өздері жасаған.

Астық жинау науқаны аяқталды. Учаскелік полиция инспекторлары шаруашылықтар мен кәсіпорындарға барып, басшыларына қоймалардың тиісті деңгейде күзетілуін ұйымдастыру қажеттігі туралы ескертуде, сондай-ақ бейне бақылау камераларын барынша пайдалануға кеңес береді.

СҚО ПД баспасөз қызметі