
Петропавл қаласы Полиция басқармасы Екінші полиция бөлімінің қызметкерлері бір түнде екі көлікті құқыққа сыйымсыз иемденіп алды деген күдікпен облыс орталығының 20 жасар тұрғынын ұстады.
Таңертең екінші полиция бөліміне Береке ауданының бірден екі тұрғыны түнде үйлерінен көліктерін айдап әкеткені туралы жүгінді. Криминалдық полицияның қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді: үй-үйді тексеріп, көршілерден жауап алды, қылмыс орнынан жақын жерде орналастырылған бейне бақылау камераларын тексерді. Бейне жазбалар бір адамның әрекет еткенін растады. Нәтижесінде ол жүгінуден кейін бірнеше сағат өткен соң ұсталды. Автокөліктер Береке ауданының шетіндегі орманда табылды және иелеріне қайтарылды. Петропавл қ. ПБ Екінші полиция бөлімі бастығының орынбасары полиция капитаны Самат Тастанның айтуынша, ВАЗ 2106 және Opel Vectra көліктерін айдап әкеткен. Жедел-профилактикалық іс-шараларды жүргізу нәтижесінде полиция қызметкерлері ізін суытпай күдіктіні анықтап, ұстады. Қазіргі уақытта екі факті де Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК 200-бабы «Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу» бойынша енгізілді, тергеу амалдары жүргізілуде.
Ұсталған бұрын ұқсас қылмыс жасағаны үшін сотталған болып шықты. Сол түні масаң күйде болған. Қазіргі уақытта полицейлер сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде екі факті бойынша мән-жайды анықтауда, сондай-ақ күдіктінің ұқсас қылмыстарға қатысын тексеруде. Айта кетейік, Береке ауданында орын алған автокөлікті заңсыз иеленудің екі жағдайында да көліктер не құлыпталмай тұрған не оталдыру құлпында кілттер қалдырылған екен.
Полицейлер қала тұрғындарына көліктерін бейне бақылау камералары бар жерге қоюға, көлік салонында ақша мен құнды заттарды қалдырмауға, дабыл жүйесін орнатуға кеңес береді. Егер көлігіңізді айдап әкетіп жатса, бірден полицияға хабарласу қажет.
СҚО ПД баспасөз қызметі