Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасы өкілдері «Береке» шағын ауданындағы жаңа айналма жолдағы қозғалыс тәртібіне түсініктеме берді

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасы өкілдері «Береке» шағын ауданындағы жаңа айналма жолдағы қозғалыс тәртібіне түсініктеме берді

Әкімшілік полиция қызметкерлерінің айтуынша, Малая мен Байболов көшелерінің қиылысында айналма қозғалысы қарастырылған. Малая көш. Әуезов көш. бойында (солтүстік бағыттан) айналма қозғалыспен жүрген кездегі Байболов көш. дейін басты жол болып келеді. Жүргізушілер айналма қозғалысына басқа бағыттардан кірген кезде, айналма қозғалысы бойымен қозғалып бара жатқандарға жол беруге міндетті. Тәртіп сақшылары атап өткендей, мұндағы қозғалыс сызбасы Қазақстан Конституциясы мен Егемен Қазақстан көшелерінің қиылысындағы айналма қозғалысқа ұқсас.

Малая мен Байболов көшелерінің маңы — «Береке» шағын ауданындағы ең қарбалас аймақтарының бірі, әлеуметтік инфрақұрылым объектілері жақын орналасқан, жаяу жүргіншілердің арасында балалар көп. Дегенмен, барлық жүргізушілер жаңа айналма қозғалысқа үйреніп үлгерген жоқ. Облыстық Полиция департаменті басшылығының шешімімен қарбалас уақытында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін патрульдік полиция экипажы кезекшілікке қойылды.

Тәртіп сақшылары жүргізушілерге жол белгілерінің талаптарын ескеріп, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды еске салады.