
Петропавл қ. ПБ Екінші полиция бөліміне 1979 ж.т. Береке ықшам ауданының тұрғыны интернет алаяқтардың құрбанына айналғаны жайлы жүгінген. Интернеттен IPhone ойнатылатыны туралы хабарландыруды оқып, бағын сынамақ болған. Ол әлеуметтік желілердегі онлайн ұтыс ойыны сервисі арқылы іріктелген, ұтыс жеңімпаздарының қатарында бары жайлы хабарлама алғаннан кейін, сыйлықтың табыс етілуін күту болатын-ды. Ұйымдастырушылармен тек хат алмасқан, оларды өзінің құлағының кемістігі барын ескертіп, кез-келген жаңалықтар жайлы жазбаша хабарлауды өтінген. Қала тұрғынының алаяқтармен ісі болғаны жайлы күдігі болмаған, ол тек кезекті құрбандарының біріне айналған. Уақыт күттірместен сыпайы «ұйымдастырушылардан» шекарадағы жағдайға байланысты пошта шығындарын ғана төлеу қажет деген хабарлама келіп түскен. Алайда, олар талап еткен соманы аударған кейін, мүдегек жанның тағы да екі рет ақша аударуға итермелеген, бес баланың анасы өз арманының орындалуы үшін ұтыс ойынына қатысуға бел байлаған. Жалпы аударылған ақшаның сомасы 69 мың теңгені құраған. Оның хатындағы күдіктерге алаяқтар курьердің жолда келе жатыр деген жалған бейне және фото жіберген... Соның ішінде ұшақтағы жолаушылардың фотолары да бар.
Қазіргі уақытта аталған факті ҚР ҚК 190-бабы «Алаяқтық» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Полицейлер қала тұрғындарынан алаяқтарға өздерінің жеке деректерін тапсырмауды сұрайды. СҚО ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Руслан Назаровтың айтуынша, ешкімге қандай жағдай болмасын өз нөміріңді, құпия сөзді, банк карталарының, онлайн-банкинг, әлеуметтік желідегі жеке аккаунтыңызды кодтарын бермеу, мессенджер арқылы жеке құжаттарыңыздың фотосын жібермеу керек. Интернетте кез-келген қаржы операциясын жасаған кезде асықпау керек, жасаған әрбір әрекетіңді ойланып, қайта саралаған жөн. Егер Интернет алаяқтардың құрбанына айналған жағдайда дереу полицияға жүгіну қажет.
Көріп отырғандай, алаяқтарда ар-ұят деген сезім жоқ. Олардың негізгі мақсаты – кез-келген жолмен өз құрбанынан көбірек ақша алу.