Петропавлда ойыншық автоматпен серуендеп жүрген жастар полиция назарына ілікті

Петропавлда ойыншық автоматпен серуендеп жүрген жастар полиция назарына ілікті

Жас петропавлдықтардың ермегі полицияның келуіне әкелді. Петропавлдың орталығында ойыншық автоматпен серуендеп жүрген қала тұрғындары қалалық полицияның Жедел басқару орталығы қызметкерлерінің назарына ілікті. Ойыншық полицейлердің ғана емес, өтіп бара жатқан адамдардың да көзіне түскен. Бейне бақылау камераларынан жас жігіт шамамен кешкі сағат 10-да бір топ қатарластарының арасында қолындағы автоматпен ары-бері сілтеп тұрғаны анықталған. Қазақстан Конституциясы – Алтынсарин көшелеріндегі тұрақ бейне бақылау инспекторларының бақылауына алынған, өйткені мұнда жастар жиналып тұрады, бұл жақын маңдағы үйлердің тұрғындары тарапынан алаңдаушылық тудыруда. «Автоматпен» орын алған көріністі байқаған полицейлерге жастардың ермегі қауіпсіз екендігіне көз жеткізу қажет болды. Келіп жеткен Петропавл қ. ПБ қызметкерлері автоматтың ойыншық екенін анықтады, мұны видеодан анықтау қиын болатын, және профилактикалық әңгіме жүргізді. Олар кәмелетке толмағандарға сағат 23-тен кейін көшеде ата-аналарының және басқа да өкілдерінің еріп-жүруінсіз жүруге болмайтыны туралы естеріне салды. Сондай-ақ, карантиндік шараларды сақтау қажеттігі туралы ескертті.

«Жедел басқару орталығының бейне бақылау камералары құқықтық тәртіпті нығайтуға зор үлес қосуда. Олар жол, қоғамдық қауіпсіздік мәселелерінде барынша осал деген учаскелерде орналастырылған. Практикада түрлі оқиғалар кездеседі, оларды оқиға орнына экипаждарды жіберумен тексеруге тура келеді. Біз қауіпсіздікке күмән келтіретін кез-келген фактілерді тексеруіміз керек», - деп атап өтті Петропавл қ. ПБ Жедел басқару орталығының бастығы полиция подполковнигі Нұрлан Мұхамеджанов.