
Аққайың ауданының полиция бөліміне «Опель» автомашинасын ұрлап кеткендігін айтып, Ленинское ауылының тұрғыны жүгінген. Танысы көлік ішінде отырып музыка тыңдағысы келетінін айтып өтінген. Көлік иесі шығып кеткен уақытта танысы шетел көлігін оталдырып, белгісіз бағытта жүріп кеткен. Аталған факті ҚР ҚК 200-бабының 1-бөлігі «Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын құқыққа сыйымсыз иеленіп алу» бойынша қарастырылған қылмыс құрамының белгілерімен Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Көлік құралы мен айдап әкетушіні ұстау үшін полиция бөлімінде «Ұстап алу» жоспары енгізіліп, жақын маңдағы әкімшілік учаскелердегі учаскелік полиция инспекторлары хабардар етілді. Смирново аудан орталығына кіреберіс жердегі бейнебақылау камералары тексеріліп, көлік айдап әкетушінің елді мекенге соғып, кейін Қиялы ауылы жаққа кеткендігі анықталды. Полицейлердің сауатты жұмыстары арқасында ұрланған автомашина ұсталды. 1978 жылы туған көлік ұрлаушы бұндай әрекетке бойындағы алкоголь итермелегенін айтып ақталды. Қазіргі уақытта оған қатысты ҚР ӘҚБтК 608-бабы «Масаң күйде көлік құралын басқару» бойынша әкімшілік материал жиналды. Қылмыстық іс бойынша қажетті тергеу амалдары жүргізілуде.
Бір күн бұрын «Ауди 100» автомашинасының жоғалғанын айтып, Петропавл қаласының тұрғыны жүгінген. Шетел көлігі ауласынан жоғалған. Полицейлер ұрлыққа 1990 жылы туған, масаң күйде болған ұлының қатыстылығын анықтаған...
Жыл басынан көлік құралын айдап әкетудің 56 фактісі тіркелген.